Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат

Байланыстары:

Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, индексі 140100, Ақсу қаласы, Астана көшесі,52-үй (факті бойынша – Астана көшесі, 21А-үй)

E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Бас мамандар -  (871837)5-64-84

Бөлім басшысы - (871837)6-09-09

 

Жүктелген міндеттерді іске асыру үшін Бөлім белгіленген заңнамалық тәртіпте құқылы:

1)                Қаланың мемлекеттік органдарынан, өзге ұйымдардан және азаматтардан Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті ақпарат сұрауға және алуға; Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге;

2)                мемлекеттік органдардың, мұрағаттардың, ғылыми ұйымдардың және кітапханалардың «деректер банкілерін» пайдалануға;

3)                сәулет және қала құрылысы мәселелері бойынша нормативтік және құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге, оларды қала әкімдігіне және әкіміне қарауға ұсынуға.

Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс және қала әкімдігі мен әкімінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Мемлекеттік органның символикасы жоқ.

Мемлекет Ақсу қаласының әкімдігі атынан Бөлімнің құрылтайшысы болып табылады (бұдан әрі - Құрылтайшы).

Ақсу қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 12 қаңтардағы «Қалалық бюдеттен қаржыландырылатын жеке мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру, қайта атау және құру туралы» № 36/1 қаулысы және осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.