Талмадалық ақпарат

Қалалық сәулет және қала салу бөлімінің қызметі Ақсу өңірі аймағындағы мемлекеттік сәулет және қала құрылысы саясатын іске асыру.

Қаланың болашақта ұзақ уақытта аймақты дамуын анықтап, бас жоспар тәртібімен орнатылып бекітілген негізде елді мекен аймағын дамыту және құрылыс салу Заңына сәйкес.

Ақсу қаласының бас жоспары 2009 жылы әзірленді және бекітілді. . Перспективалы аймақты анықтап қолдану және қаланы дамыту үшін кешенді қала құрылыс бағасы, ресурстық әлуеттік анализі жүргізілді, қаланың көркін сақтау үшін, осында негізгі магистрал бойында көпқабатты құрылыс қалыптастыра отырып қаланың әкімшілік шегінде уақытылы қаладағы аймақты оңтүстік бағытта бөлу қарастырылуда.

№№ 2, 14, 15 шағын аудандарының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленді және бекітілді. Молодежная, Абай, Амангелді көшелері шегіндегі аймақтарда құрылым жоқ және жасыл отырғызылым 80 га. құрайды. Барлық аймақты жеке тұрғын үй құрылысы үшін ауданы 10 ар. жер телімімен саны 377 үй құрылысы үшін игеріледі.

Аймақта жеке құрылыстардан басқа 2 бала бақша салу, өрт депосы, сауда орталығы, әмбебап дүкені, сондай-ақ жасыл салымдар жүйесі қалыптастырылған.

36 жеке тұрғын үй салу қарастырылған № 12 шағын ауданның егжей-тегжей жоспарлау жобасы әзірленді және бекітілді. № 8 шағын аудан бөлігінде, 34 жеке тұрғын үй, 20 орындық бала бақша, дүкен, 20 орындық кафе, 10 орындық монша, 8 орындық қонақ үй, дәріхана, шаштараз, 38 автокөлікке және спорттық алаң орналастыру қарастырылуда.

2011 жылы Ақсу қаласының жалпы қызметтік-жоспарлау құрылымын құрайтын № 8А шағын аудан бөлігінің егжей-тегжей жоспарлау жобасы әзірленді және бекітілді. Шағын ауданның аумағы Әуезов, Дөнентаев және Железнодорожный көшелерімен шектелген. Осы аумақта дене шынықтыру-сауықтыру кешені, көпқабатты тұрғын үй, сауда үй кешенімен мейрамхана, дүкен, сауда үй салу болжауда. Шағын аудан инженерлік-комуникация инфрақұрылымымен қамтылған, қайта салынып жатқан ғимараттарды қолданыстағы инженерлік желілерге қосу қарастырылуда.

2011 жылы аумағы Стройтелей, Ленин, Абай, Иртышская, Молодежная көшелерімен шектелген, № 4 шағын ауданның егжей-тегжей жоспарлау жобасы әзірленді және бекітілді.

Жоба бойынша шағын аудандағы инфрақұрылымды жаңа жол-көліктік желі және аймақта жалпы ауданы 82300 шаршы метр құрайтын 850 пәтерден тұратын көп қабатты тұрғын кешенімен дүкен, қонақүйі, әкімшілік ғимарат, кеңселік ғимарат, сауда-көңіл көтеру кешенімен жаңа объектілер орнату қарастырылуда. Жобаланған шағын аудан 5-10 қабаттық ғимарат, емхана, мектеп, балабақшалары, дүкен желілері құрылымынан тұрады. 218,5 млн. теңге сомасымен жоба-сметалық құжаттамасы бар, жаңа мектеп және балабақшаға кіретін жолдар құрылысы үшін ақшалай қаражат қажет. Сонымен қатар шағын ауданда қаланың сәулеттік келбетін теріс әсерін көрсеттеін, 10 қабатты құрылысы аяқталмаған тұрғын үй орналасқан. Қасында «Еуразиаттық Энергетикалық Компания» АҚ қаражатына спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде.

Осы уақытта Ақсу қаласында 1 мыңнан астам адам тұрғын үй алу үшін кезекте тұр. Осыған байланысты, 10 қабатты тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жұмыстарын жүргізу үшін 520 млн. теңге, соның ішінде ғимаратты сатып алу үшін 120 млн. теңге ақшалай қаражат қажет. Осы үйдің құрылысы аяқтаған жағдайда 7018 шаршы метрді құрайтын, 108 пәтерді пайдалануға енгізуге болады.

Сондай-ақ қалада Дөнентаев көшесі, 11-де орналасақан 5 қабатты бос үй бар. Сатып алу және қайта жаңғыртуға мүмкіндігі туса жалпы ауданы 5916 шаршы метр құрайтын 71 пәтерді пайдалануға енгізуге болады.

Ақсу қаласы тұрғындарының тұрғын алаңдарды тұтыну, ыңғайлы тұрғын орта құру, Ақсу қаласы аймағын қолайлы жанжақты дамыту және жаңа келбетін құру шағын аудандардың егжей-тегжей жоспарлау жобасын әзірлеуге негіз болды.

Сондай-ақ Ақсу қаласының өндірістік аймағының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленді, мұнда 2012 жылы Ақсу электрметаллургия зауытын салу жоспарлануда. Құрылыс жүргізілу мерзімі 2,5-3 жыл. Жоба бойынша электр-болатбалқыту кешенінің қуаттылығы тоқтаусыз, жылына  620 мың тонна бұйым өндіру. 2012 жылы қалалық бюджеттен алты ауылдық елді мекен және Ақсу кентінің даму және құрылыс сызбасын әзірлеуге 7,5 млн. теңге ақшалай қаражат бөлді.

Ақсу кенті және ауылдық елді мекенді, ақсу қаласын абаттандыру және жасылдандыру, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын, қаланың бас жоспарын бекітілген заңнамалық тәртіппен іске асыру бойынша қызметті үйлестіру үшін құрылған, кеңестік-мәжілістік орган болып келетін Ақсу қаласының сәулет-қала құрылысы кеңесінің жаңа арнайы құрамы бекітілді. Кеңес құрамына Ақсу қалалық мәслихатының депутаттары, атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мекеме және ұйымдардың өкілдері кіреді. Ағымдағы жылдың ақпан айында қала әкімінің төрағалық етуімен Ақсу қаласының аймағына құрылыс салу және жасылдандыру, абаттандыру мәселелері, ұйымдастыру мәселелері талқыланған 2 кеңес жиыны өткізілді.

2011 жылы бөлім объект құрылысы және қайта жаңғыртуды жобалауға 116 сәулет-жоспарлау тапсырмасы берілді. Орнына барып 65 жер телімін беруге келісім берілді, ЕТЖЖ болмағандықтан, инженерлік желі және басқа да себептерден 12 келісім берілмеді.

2011 жылы Ақсу қаласы бойынша 2 бизнестік Астана көшесі, 9В-да сауда орталық объектісі және Желтоқсан көшесі, 2А-да дөңгелек жөндеу кешені салынды, жалпы сомасы-96,2 млн. теңге, жалпы ауданы-3240,3 шаршы метр. 20 кіші және орта бизнес объектісі қайта жаңғыртылды, жалпы сомасы-90 млн. теңге, жалпы ауданы- 4487,3 шаршы метр. Бұл объектілер: «Гермес» ТҚС, Астана көшесі, 7-дегі сұлулық салоны, «Супермаркет» дүкені, Әуезов көшесі, 53-тегі «Апрель» дүкені, Әуезов көшесі, 77-дегі «К чаю», Қамзин көшесі, 31-дегі, ұялы байланыс дүкені, Әуезов көшесі, 73-тегі сауда-офистік үй-жай, Әуезов көшесі, 81-дегі «Натали» дүкені. Энтузиаст көшесі, 11-дегі «Камея» сауда үйі, Астана көшесі, 44-тегі «Сарыарқа» дүкенінің қасбетін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, жалпы ауданы-2131,3 шаршы метр, жалпы сомасы-53,2 млн. теңгені құрайтын 12 жеке тұрғын үй салынды және пайдалануға енгізілді.

320 орындық бала бақша салынды және пайдалануға берілді. «Еуразиаттық Энергетикалық Компания» АҚ өз жұмыскерлері үшін жалпы ауданы- 5580,3 шаршы метр 70 пәтерлі Астана көшесі, 1-де орналасқан бұрыңғы жатақхана ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізді. «2020 жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша 52 пәтерлі Астана көшесі, 21 А-дағы жалпы ауданы 2768,6 шаршы метрді құрайтын бұрыңғы жатақхананы қайта жаңғыртты, Евгеньевка, Үштерек, Парамоновка ауылынад 1634,6 шаршы метрді құрайтын 11 екі пәтерлі тұрғын үйлер салынды.

«Қазхром»ТҰК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауыты өз жұмыскерлеріне салынған жалпы ауданы 4 902 шаршы метр, 64 пәтерлі тұрғын үй салу жұмыстары жүргізілуде, ағымдағы жылдың наурыз айында пайдалануға беру жоспарлануда.

Қаланың сәулетік ажарын қалыптастыру мақсатында қажет ететін қасбетті қалпына келтіру және қосылған аймақты абаттандыру туралы тұрақты түрде қалалық тұрғын және қоғамдық және басқа инфрақұрылым объектілерінде орналасқан орта және кіші бизнесі бар кәсіпкерлермен жұмыстар жүргізіледі. Түсіндіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін 2012 жылы Астана көшесі, 3-тегі «Радуга» дүкені, Әуезов көшесі, 10-да орналасқан К.Е. Алипов қожалығындағы «Азамат» сауда үйі, Әуезов көшесі, 75-тегі Ж.К.Қасымованың қожалығындағы «Құлагер» дүкені, Астана көшесі, 28-дегі Е.Ю.Ермолаеваның қожалығындағы балалар тауары дүкені және басқа да объектілердің қасбетін жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Астана және Әуезов көшелерінің қиылысы аймағында 2012 жылы «Гермес БТА» ЖШС 3 қабатты мәдени-бос уақыт орталығы және сауда-кеңселік үй-жайлар құрылысы жоспарлануда, 7 мың шаршы метрден тұратын 1 және 2 қабатты сауда-кеңселік үй-жайлар, 3 қабат балалар үшін көңіл көтеру орталығымен қамтылатын болады. Әуезов көшесі, 6-да «Айгүл» сауда орталығын салу жоспарлануда, құрылыс иесі А. Түлекова.

2011 жылы қалалық мәдениет және демалыс саябағын абаттандыру жобасы әзірленді, содан кіші сәулеттік түрде гүлзар және газондар отырғызып 12500 шаршы метрге төселімдер төселінді.

2012 жылы іске асыру үшін колоннада нобай жобасы, қалалық мәдениет және демалыс саябағында мемлекеттік рәміздер алаңын, қалалық мәдениет сарайының алдыңғы аймағын, хоккейлік корт аймағын абаттандыру, қалалық магистралдық көшелерге гүл және ағаштар отырғызу жобасы әзірленді.

Ақсу қаласы кіреберіс жолының белгісінің нобайы әзірленген.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Назарларыңызға рахмет!