Мемлекеттік қызмет

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ

ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ АЛУ МҮМКІНДІГІ ТУРАЛЫ

“Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” ММ Ақсу қаласы тұрғындарын мемлекеттік қызмет алу мүмкіндігі туралы

-“ҚР аймағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру”;

-“Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру”

“электронды үкімет” веб-порталы арқылы (www.egov.kz), электронды түрде ақпарат береді.

Мемлекеттік қызметті электронды түрде алудың төмендегідей  бірнеше артықшылығы бар:

-порталдың тәулік бойы қолжетімділігі- Ғаламтор желісіне мүмкіндігі бар кез келген компьютер, планшет немесе ұялы телефон арқылы, мерекелік және демалыс күндер де қай уақытта болсын мемлекеттік қызметті алуға өтініші;

-Сіз үшін ең қолайлы орыннан қызмет алу;

-мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат;

-кезектің болмауы;

-уақыттың үнемділігі, қызмет беру уақыты қысқартылады;

-мемлекеттік қызметтер орындалу деңгейі туралы ақпараттандыру;

- мәліметтің құпиялылығы.

Ең басты артықшылық, мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу жеңіл және қолайлы боліы.

Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу үшін қызмет алушыға электрондық цифрлық қолтаңба алу, сондай-ақ “электронды үкімет” веб-порталында (www.egov.kz) тіркелу қаже.

Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8-800-080-7777 (қоңырау шалу тегін).

Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы "28" мамырдағы
№ 149/5 қаулысымен
бекітілді

"Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 19.02.2016 № 42/2 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

1. "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) көрсетілетін қызметті берушінің шешімі (бұдан әрі – шешім).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығымен бекітілген "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттардың болуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, 10 (он) жұмыс күні:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен құжаттарды қабылдайды, тіркейді, құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, тіркелгені туралы белгісі бар өтініштің көшірмесін көрсетілетін қызметті алушыға береді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдайды – 15 (он бес) минут;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды – 30 (отыз) минут;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды тексереді, шешім жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды – 7 (жеті) жұмыс күні, дәлелді бас тарту жағдайында – 1 (бір) жұмыс күні;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешім жобасын не бас тарту туралы дәлелді жауапты қарайды, қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды – 30 (отыз) минут;
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері шешімді не бас тарту туралы дәлелді жауапты шығыс корреспонденция журналында тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді – 15 (он бес) минут.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) көрсетілетін қызметті берушінің шешімі.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
8. Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшада (кестеде) келтірілген.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде
Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де
көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,
сондай-ақ ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау

9. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеу ұзақтығы.
Қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынады.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең ұзақ жол берілетін уақыты – 15 (он бес) минут;
көрсетілетін қызметті берушіде қызмет көрсетудің ең ұзақ жол берілетін уақыты – 15 (он бес) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 20 минут.
Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап:
1-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері ұсынылған құжаттарды тексереді, көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішін қабылдайды және тіркейді, құжаттардың қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді;
1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат береді;
2-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен құжаттарды қабылдайды және тіркейді, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдайды;
3-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды;
4-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды тексереді, шешім жобасын не бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
5-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешім жобасын не бас тарту туралы дәлелді жауапты қарайды, қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды;
6-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері шешімді не бас тарту туралы дәлелді жауапты шығыс корреспонденция журналында тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;
7-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға шешімді не бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.
10. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарын толық сипаттау, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібін және ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі уәкілетті органдар

Р/с№

Атауы

Мекенжайы

Байланыс нөмері

Электрондық мекенжайы

1

2

3

4

5

1

Ақтоғай ауданының әкімдігі

Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 75-үй

8-718-41 2-14-50

kense.aakr@ pavlodar. gov.kz

2

Баянауыл ауданының әкімдігі

Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Сәтбаев көшесі, 45-үй

8-718-40 9-12-03

kense.abr@ pavlodar. gov.kz

3

Железин ауданының әкімдігі

Железин ауданы, Железинка ауылы, Әуезов көшесі, 19-үй

8-718-31 2-21-40

kense.azhr@ pavlodar. gov.kz

4

Ертіс ауданының әкімдігі

Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Қажымұқан көшесі, 118-үй

8-718-32 2-10-68

kense.aer@ pavlodar. gov.kz

5

Качир ауданының әкімдігі

Качир ауданы, Тереңкөл ауылы, Елгин көшесі, 172-үй

8-718-33 2-15-70

kense.akr@ pavlodar. gov.kz

6

Лебяжі ауданының әкімдігі

Лебяжі ауданы, Аққу ауылы, Всеволод Иванов көшесі, 92-үй

8-718-39 2-10-32

kense.alr@ pavlodar. gov.kz

7

Май ауданының әкімдігі

Май ауданы, Көктөбе ауылы, Абылайхан көшесі, 34-үй

8-718-38 9-11-70

kense.amr@ pavlodar. gov.kz

8

Павлодар ауданының әкімдігі

Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32-үй

8-718-2 32-20-89

kense.apr@ pavlodar. gov.kz

9

Успен ауданының әкімдігі

Успен ауданы, Успенка ауылы, Ленин көшесі, 71-үй

8-718-34 9-19-37

kense.aur@ pavlodar. gov.kz

110

Шарбақты ауданының әкімдігі

Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Советов көшесі, 51-үй

8-718-36 2-19-91

kense.ashr@ pavlodar. gov.kz

11

Ақсу қаласының әкімдігі

Ақсу қаласы, Астана көшесі, 52-үй

8-718-37 5-01-63

kense.aa@ pavlodar. gov.k

12

Екібастұз қаласының әкімдігі

Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45-үй

8-718-77 4-09-45

kense.ae@ pavlodar. gov.kz

13

Павлодар қаласының әкімдігі

Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32-үй

8-718-2 32-01-80

kense.ap@ pavlodar. gov.kz

"Тіреу және қоршау
конструкцияларын, инженерлік
жүйелер мен жабдықтарды
өзгертпей, қолданыстағы
ғимараттардағы үй-жайларды
(жекелеген бөліктерін)
реконструкциялауға
(қайта жоспарлауға, қайта
жабдықтауға) шешім беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) рәсімдері (іс-қимылдары)
реттілігінің сипаттамасы

Процестің іс-қимылы

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) №

1

2

3

4

5

1

2

3

4

5

6

7

2

Құрылымдық бөлімшенің атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы

Келіп түскен құжаттарды қабылдау, тіркеу, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдау

Құжаттарды қарау, жауапты орындаушыны анықтау

Ұсынылған құжаттарды тексеру, шешім жобасын дайындау және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдау

Шешім жобасын не бас тарту туралы дәлелді жауапты қарау, қол қою және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдау

Шығыс корреспонденция журналында тіркеу

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, тіркелгені туралы белгісі бар өтініштің көшірмесі

Бұрыштама қою

Шешім жобасы не бас тарту туралы дәлелді жауап

Шешім не бас тарту туралы дәлелді жауап

Шешімді не бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушыға беру

5

Орындау мерзімдері

15 (он бес) минут

30 (отыз) минут

7 (жеті) жұмыс күні, дәлелді бас тарту жағдайында – 1 (бір) жұмыс күні

30 (отыз) минут

15 (он бес) минут

"Тіреу және қоршау
конструкцияларын, инженерлік
жүйелер мен жабдықтарды
өзгертпей, қолданыстағы
ғимараттардағы үй-жайларды
(жекелеген бөліктерін)
реконструкциялауға (қайта
жоспарлауға, қайта
жабдықтауға) шешім беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
3-қосымша

"Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру"мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Шартты белгілер:

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика Министрінің
міндетін атқарушының   
2015 жылғы 27 наурыздағы 
№ 257 бұйрығына    
3-қосымша

«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Ескерту. Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.07.2016 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 23 (01.03.2016 қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

1. «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 2 (бес) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, өтініш берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайды;
Көрсетілетін қызмет берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдірген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;
2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең ұзақ жол берілетін уақыты – 15 (он бес) минут, Мемлекеттік корпорацияға – 15 минут;
3) көрсетілетін қызмет көрсетудің ең ұзақ жол берілетін уақыты – 15 (он бес) минут, Мемлекеттік корпорацияға – 20 минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) көрсетілетін қызметті берушінің шешімі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді кабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүргізіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүргізіледі;
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Ресупбликасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау «электрондық» кезек күту тәртібімен, жеделдетіп қызмет көрсетусіз, жылжымайтын мүлік орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады. Электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.
9. Көрсетілетін қызметті алушыға (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) өтініші бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) қызмет берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);
объектінің меншік иесінің (тең меншік иелерінің) белгіленген өзгеріс пен оның параметрлеріне жазбаша келісімі;
егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үйдің бөліктерімен) көршілес басқа үй-жайлар (үйдің бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі;
өзгертілетін үй-жайға өтініш иесінің меншік иесінің техникалық паспортының көшірмесі (тұпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады);
сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлары бар аудандардағы қолданыстағы құрылыстарда орналасқан үй-жайды реконструкциялау мүмкіндігі туралы техникалық зертеу қорытындысының көшірмесі;
болжанған өзгерістер жоспарына сәйкес эскиздер (эскиздік жобалар) қоса беріледі.
2) мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде:

Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды сұратып алуға жол берілмейді.
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы құжаттар туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін алады.
Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Өтініштің қабылдануын растау:
құжаттар топтамасының көшірмесіне оның қабылданған уақыты мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы көрсетілетін қызмет берушідегі белгі;
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы тармағымен көзделген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорация арқылы дайын құжаттарды беру тиесті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде алушыға (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай мерзім ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін нәтиже адан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жібереді. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың
қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

11. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша қажетілерін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.
Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол, сол сияқты поштамен түскен шағымның қабылдануының расталуының тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен өтініш бере алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа өтініш беруге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде мемлекеттік
корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге де талаптар

13. Көрсетілетін қызмет алушының тыныс-тіршілігін әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзылуымен денсаулығының ақаулары бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы өтініш беру жолымен Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мына интернет-ресурстарда:
Министрліктің: www.economy.gov.kz;
Мемлекеттік корпорацияның: www.con.gov.kz жарияланған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефоны Министрліктің интернет-ресурсында: www.economy.gov.kz орналастырылған, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

Тіреу және қоршау конструкцияларын,
инженерлік жүйелер мен жабдықтарды
өзгертуге байланысты емес қолданыстағы
ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген
бөліктерін) реконструкциялауға (қайта
жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім
беру» мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына        
1-қосымша

нысан

Республикалық маңызы бар қаланың,
астананың, облыстық маңызы бар
қалалардың, аудандардың
Бас сәулетшісі ________________
___________________________
(Т.А.Ә. немесе заңды атауы және (немесе)
сенімхат)
_________________________________
(Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе
бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)
мекенжайы________________________
(заңды мекенжайы немесе тұрғылықты жері)
байланыстар______________________
(электрондық мекенжайы, телефон)

Өтініш

____________________________________________________________________
(объектінің толық атауы)
________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан
(үй-жайлары (жекелеген бөліктері) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) жататын объектінің орналасқан жері)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
рұқсат беруіңізді сұраймын.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

20__ жылғы «___» _________

_____________________
(қолы)

Тіреу және қоршау конструкцияларын,
инженерлік жүйелер мен жабдықтарды
өзгертуге байланысты емес қолданыстағы
ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген
бөліктерін) реконструкциялауға (қайта
жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім
беру» мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына       
2-қосымша

нысан

_____________________________________________
(Тегі, аты бар болған жағдайда әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
не көрсетілетін қызметті алушы ұйымның атауы)
_____________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы
15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) _______________________________;
2) _______________________________;
3) .....
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

Т.А.Ә.                                  (қолы)
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің)

Орындаушы: Т.А.Ә. _____________
Телефон _____________
Алдым: Т.А.Ә. / көрсетілетін қызметті алушының қолы

20__ жылғы «___» _________

Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы "28" мамырдағы
№ 149/5 қаулысымен
бекітілді

"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік
объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 19.02.2016 № 42/2 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

1. "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама алу үшін www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады ("Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – МТ АЖ) ақпарат болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдіреді).
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау, беру, жою болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың болуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама беру:
жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын тарихсыз нақтылау бойынша анықтама беру – 15 (он бес) минут;
жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын тарихымен нақтылау бойынша анықтама беру (МТ АЖ-да жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының өзгеруі туралы мұрағаттық мәліметтер болмаған кезде) – 3 (үш) жұмыс күні:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен құжаттарды қабылдайды және тіркейді, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдайды – 15 (он бес) минут;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды – 30 (отыз) минут;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды тексереді және МТ АЖ-да жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылайды, анықтаманы дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы дайындалған анықтаманы тексереді, қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні;
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері дайын анықтаманы қол қойылған күні тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды – 15 (он бес) минут;
2) жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне барып, мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, оны МТ АЖ-да міндетті тіркей отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру немесе жою туралы анықтама беру – 7 (жеті) жұмыс күні:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен құжаттарды қабылдайды және тіркейді, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдайды – 15 (он бес) минут;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды – 30 (отыз) минут;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды тексереді, жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру немесе жою кезінде мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, МТ АЖ-да міндетті тіркеумен жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне баруды жүзеге асырады, анықтаманы дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды – 5 (бес) жұмыс күні;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы дайындалған анықтаманы тексереді, қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні;
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері дайын анықтаманы қол қойылған күні тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды – 15 (он бес) минут.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау, беру, жою жөніндегі анықтама.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
8. Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшада (кестеде) келтірілген.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде
Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау

9. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеу ұзақтығы:
Қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынады:
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең ұзақ жол берілетін уақыты – 15 (он бес) минут;
қызмет көрсетудің ең ұзақ жол берілетін уақыты – 20 (жиырма) минут.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
1) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама беру:
жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын тарихсыз нақтылау бойынша анықтама беру – 15 (он бес) минут;
жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын тарихымен нақтылау бойынша анықтама беру (МТ АЖ-да жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының өзгеруі туралы мұрағаттық мәліметтер болмаған кезде) – 3 (үш) жұмыс күні;
1-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері ұсынылған құжаттарды тексереді, көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішін қабылдайды және тіркейді, құжаттардың қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді;
1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат береді;
2-процесс – жинақтау секторының қызметкері құжаттарды тіркейді, құжаттарды штрих-код сканерінің көмегімен бекітеді және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне Мемлекеттік корпорация курьері арқылы жолдайды;
3-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен құжаттарды қабылдайды және тіркейді, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдайды;
4-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды;
5-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды тексереді және МТ АЖ-да жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылайды, анықтаманы дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
6-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы дайындалған анықтаманы тексереді, қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды;
7-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері дайын анықтаманы қол қойылған күні тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;
курьер дайын нәтижені жинақтау секторының қызметкеріне ұсынады;
8-процесс – жинақтау секторының қызметкері нәтижені штрих-код сканерінің көмегімен бекітеді, беру секторына тапсырады;
9-процесс – беру секторының қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді.
2) жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне барып, мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, оны МТ АЖ-да міндетті тіркей отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру немесе жою туралы анықтама беру – 7 (жеті) жұмыс күні;
1-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері ұсынылған құжаттарды тексереді, көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішін қабылдайды және тіркейді, құжаттардың қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді;
1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат береді;
2-процесс – жинақтау секторының қызметкері құжаттарды тіркейді, құжаттарды штрих-код сканерінің көмегімен бекітеді және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне Мемлекеттік корпорация курьері арқылы жолдайды;
3-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен құжаттарды қабылдайды және тіркейді, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдайды;
4-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды;
5-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды тексереді, жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру немесе жою кезінде мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, МТ АЖ-да міндетті тіркеумен жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне баруды жүзеге асырады, анықтаманы дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
6-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы дайындалған анықтаманы тексереді, қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды;
7-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері дайын анықтаманы қол қойылған күні тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;
курьер дайын нәтижені жинақтау секторының қызметкеріне ұсынады;
8-процесс – жинақтау секторының қызметкері нәтижені штрих-код сканерінің көмегімен бекітеді, беру секторына тапсырады;
9-процесс – беру секторының қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді.
10. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде жүгіну тәртібін және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау:
көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және (немесе) бизнес сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ парольдің көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталға ЖСН және (немесе) БСН мен парольді енгізуі (авторландыру процесі);
1-шарт – ЖСН және (немесе) БСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын порталда тексеру;
2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың бар болуымен байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны порталдың қалыптастыруы;
3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының құрылымы мен формат талаптарын ескере отырып, нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұраныс нысанына құжаттар топтамасының қажетті көшірмелерін электрондық түрде бекіту, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының сұранысты куәландыру (қол қою) үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдауы;
2-шарт – ЭЦҚ тіркеу куәлігінің әрекет мерзімін және қайтарылып алынған (күшін жоғалтқан) тіркеу куәліктері тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұраныста көрсетілген ЖСН және (немесе) БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН және (немесе) БСН арасындағы) сәйкестігін порталда тексеру;
4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ дұрыстығының расталмауымен байланысты сұралып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттар топтамасын (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) көрсетілетін қызметті беруші сұранысты өңдеу үшін "электрондық үкімет" шлюзі арқылы "электрондық үкіметтің" аймақтық шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына жолдау;
3-шарт – мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіз болып табылатын, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасының сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;
6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасында бұзушылықтардың бар болуымен байланысты сұралып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының портал қалыптастырған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны) алуы.
Көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.
Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қатыстырылатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдары осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес диаграммада келтірілген.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарын толық сипаттау, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібін және ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

"Қазақстан Республикасының
аумағында жылжымайтын мүлік
объектілерінің мекенжайын
айқындау бойынша анықтама
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсету
жөніндегі уәкілетті органдар

Р/с№

Атауы

Мекенжайы

Байланыс нөмері

Электрондық мекенжайы

1

2

3

4

5

1

Ақтоғай ауданының әкімдігі

Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 75-үй

8-718-41
2-14-50

kense.aakr@ pavlodar. gov.kz

2

Баянауыл ауданының әкімдігі

Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Сәтбаев көшесі, 45-үй

8-718-40
9-12-03

kense.abr@ pavlodar. gov.kz

3

Железин ауданының әкімдігі

Железин ауданы, Железинка ауылы, Әуезов көшесі, 19-үй

8-718-31
2-21-40

kense.azhr@ pavlodar. gov.kz

4

Ертіс ауданының әкімдігі

Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Қажымұқан көшесі, 118-үй

8-718-32
2-10-68

kense.aer@ pavlodar. gov.kz

5

Качир ауданының әкімдігі

Качир ауданы, Тереңкөл ауылы, Елгин көшесі, 172-үй

8-718-33
2-15-70

kense.akr@ pavlodar. gov.kz

6

Лебяжі ауданының әкімдігі

Лебяжі ауданы, Аққу ауылы,
Всеволод Иванов көшесі, 92-үй

8-718-39
2-10-32

kense.alr@ pavlodar. gov.kz

7

Май ауданының әкімдігі

Май ауданы, Көктөбе ауылы, Абылайхан көшесі, 34-үй

8-718-38 9-11-70

kense.amr@ pavlodar. gov.kz

8

Павлодар ауданының әкімдігі

Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32-үй

8-718-2 32-20-89

kense.apr@ pavlodar. gov.kz

9

Успен ауданының әкімдігі

Успен ауданы, Успенка ауылы, Ленин көшесі, 71-үй

8-718-34 9-19-37

kense.aur@ pavlodar. gov.kz

10

Шарбақты ауданының әкімдігі

Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Советов көшесі, 51-үй

8-718-36 2-19-91

kense.ashr@ pavlodar. gov.kz

11

Ақсу қаласының әкімдігі

Ақсу қаласы, Астана көшесі, 52-үй

8-718-37 5-01-63

kense.aa@ pavlodar. gov.k

12

Екібастұз қаласының әкімдігі

Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45-үй

8-718-77 4-09-45

kense.ae@ pavlodar. gov.kz

13

Павлодар қаласының әкімдігі

Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32-үй

8-718-2 32-01-80

kense.ap@ pavlodar. gov.kz

"Қазақстан Республикасының
аумағында жылжымайтын мүлік
объектілерінің мекенжайын
айқындау бойынша анықтама
беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
2-қосымша

Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) рәсімдері
(іс-қимылдары) реттілігінің сипаттамасы

1) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама беру

Процестің іс-қимылы

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) №

1

2

3

4

5

1

2

3

4

5

6

7

2

Құрылымдық бөлімшенің атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы

Келіп түскен құжаттарды қабылдау және тіркеу

Құжаттарды қарау, жауапты орындаушыны анықтау

Құжаттарды тексеру және МТ АЖ-да жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау, анықтама дайындау және басшыға қол қою үшін жолдау

Анықтаманы тексеру, қол қою және кеңсе қызметкеріне жолдау

Анықтаманы тіркеу

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Басшыға қарау үшін жолдау

Бұрыштама қою

Анықтама жобасы

Қол қойылған анықтама

Дайын анықтаманы Мемлекеттік корпорацияға жолдау

5

Орындау мерзімдері

15 (он бес) минут

30 (отыз) минут

1 (бір) жұмыс күні

1 (бір) жұмыс күні

15 (он бес) минут

Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) рәсімдері
(іс-қимылдары) реттілігінің сипаттамасы

2) жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне барып және мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, оны МТ АЖ-да міндетті тіркей отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру немесе жою туралы анықтама беру

Процестің іс-қимылы

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) №

1

2

3

4

5

1

2

3

4

5

6

7

2

Құрылымдық бөлімшенің атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы

Келіп түскен құжаттарды қабылдау және тіркеу

Құжаттарды қарау, жауапты орындаушыны анықтау

Құжаттарды тексеру, мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, МТ АЖ-да міндетті тіркеумен жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне бару, анықтама дайындау және басшыға қол қою үшін жолдау

Анықтаманы тексеру, қол қою және кеңсе қызметкеріне жолдау

Анықтаманы тіркеу

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Басшыға қарау үшін жолдау

Бұрыштама қою

Анықтама жобасы

Қол қойылған анықтама

Дайын анықтаманы Мемлекеттік корпорацияға жолдау

5

Орындау мерзімдері

15 (он бес) минут

30 (отыз) минут

5 (бес) жұмыс күні

1 (бір) жұмыс күні

15 (он бес) минут

"Қазақстан Республикасының
аумағында жылжымайтын мүлік
объектілерінің мекенжайын
айқындау бойынша анықтама
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қатыстырылатын
ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы

Шартты белгілер мен қысқартулар

"Қазақстан Республикасының
аумағында жылжымайтын мүлік
объектілерінің мекенжайын
айқындау бойынша анықтама
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
4-қосымша

"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік
объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру"
мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Шартты белгілер:

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика Министрінің
міндетін атқарушының   
2015 жылғы 27 наурыздағы 
№ 257 бұйрығына    
1-қосымша

«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Ескерту. Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.07.2016 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 23 (01.03.2016 қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

1. «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама алу («Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде ақпарат болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдіреді) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
порталға:
жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын тарихсыз нақтылау бойынша анықтама беру – 15 (он бес) минут;
жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын тарихымен нақтылау бойынша анықтама беру («Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының өзгеруі туралы мұрағаттық мәліметтер болмаған кезде) – 3 (үш) жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорацияға:

жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне барып және мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, оны «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде міндетті тіркей отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру немесе жою туралы анықтама беру – 7 (жеті) жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдірген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің ең ұзақ жол берілетін уақыты – 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау, беру, жою болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз түрінде алуға өтініш білдірген кезде, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық түрде рәсімделеді, басып шығарылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.
8. Жұмыс кестесі:
1) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде мәлеметтер болған жағдайда, қабылдау қөрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жүргізіледі, ал жылжымайтын мүлік орналасқан жер бойынша объекті болмаса, онда қабылдау жеделдетілмеген қызмет көрсетудің «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) порталға:
жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) Мемлекеттік корпорацияға:
жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау, мекенжай беру және мекенжайын жою бойынша анықтама алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);
жылжымайтын мүлікке құқықтары (ауыртпашылықтары) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамасы (анықтаманы ақпараттық жүйеден алу мүмкіндігі болса – қажет емес);
жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай (алдын-ала) беру бойынша анықтама алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);
жер учаскесін құрылыс мақсаттарына ұсыну туралы жергілікті ақтарушы органның шешімі немесе төменде көрсетілген құжаттардың бірі:
сәйкестендіру құжаты;
шарт (алдын-ала, инвестициялау, сатып-алу);
мұрагерлік құқық туралы куәлік.
Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыдан талап етуге жол берілмейді.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәлеметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушының, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін алады.
Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы тармағымен көзделген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорация арқылы дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай мерзім ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін нәтиже одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.
Портал арқылы өтініш жасалған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке арналған сұрауды қабылдау туралы мәртебе, сонымен қатар мемлекеттік қызметтің нәтижесін алудың күні мен мерзімі (егер қағаз түрінде беру қажет болған жағдайда алу орнын көрсету керек) көрсетілген хабарландыру жіберіледі.
Порталда электрондық сұрауды қабылдау корсетілетін кызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың
қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

11. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша қажетілерін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.
Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол, сол сияқты поштамен түскен шағымның қабылдануының расталуының тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен өтініш бере алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде халыққа
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере
отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Көрсетілетін қызмет алушының тыныс-тіршілігін әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзылуымен денсаулығының ақаулары бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін арқылы өтініш беру жолымен Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мына интернет-ресурстарда:
Министрліктің: www.economy.gov.kz;
Мемлекеттік корпорацияның: www.con.gov.kz жарияланған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
16. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызмет көрсетушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында: www.economy.gov.kz орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

«Қазақстан Республикасының
аумағында жылжымайтын мүлік
объектілерінің мекенжайын анықтау
бойынша анықтама беру»  
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына    
1-қосымша

нысан 
(тарихсыз)

_______________________________________________________________
(Республикалық маңызы бар қаланың/облыстық маңызы бар қаланың/ауданның сәулет және қала құрылысы басқармасы/бөлімі)
Управление/отдел архитектуры и градостроительства города республиканского значения/города областного значения/района)

Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау туралы анықтама
Справка об уточнении адреса объекта недвижимости

Мекенжай тіркелімі АЖ / ИС Адресный регистр
___________________________________________________________
(жылжымайтын мүлiк объектісі / объект недвижимости)

Тұрақты тіркеу адресі:
Постоянный адрес регистрации:

Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бас қаланың / облыстың атауы,  ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері

Республика Казахстан,     наименование города республиканского значения / области,  наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса

Мекенжайдың тiркеу коды:             Регистрационный код адреса:

Объектінің сипаттамасы:
Описание объекта:

Объектінің санаты:
Категория объекта:

Кадастрлық нөмiр:
Кадастровый номер:

Тiркеу күнi:
Дата регистрации:

Негіздеме құжат:
Документ основание:

Берілген күні:
Дата выдачи:

Нысан
(тарихпен)

_______________________________________________________________
(Республикалық маңызы бар қаланың/облыстық маңызы бар қаланың/ауданның сәулет және қала құрылысы басқармасы/бөлімі)
Управление/отдел архитектуры и градостроительства города республиканского значения/города областного значения/района)

Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау туралы
анықтама
Справка об уточнении адреса объекта недвижимости

Мекенжай тіркелімі АЖ / ИС Адресный регистр
___________________________________________________________
(жылжымайтын мүлiк объектісі / объект недвижимости)

Мұрағаттық мекенжай:
Архивный адрес:

Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бас қаланың / облыстың атауы,  ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері

Республика Казахстан,     наименование города республиканского значения/области,  наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса

Өзгертілді:
Изменен на:

Мекенжайдың тiркеу коды:
Регистрационный код адреса:

Объектінің сипаттамасы:
Описание объекта:

Объектінің санаты:
Категория объекта:

Кадастрлық нөмiр:  Кадастровый номер:

Өзгерістерді тiркеу күнi:
Дата регистрации изменения:

Негіздеме құжат:
Документ основание:

Берілген күні:
Дата выдачи:

_______________________________________________________________
(Республикалық маңызы бар қаланың/облыстық маңызы бар қаланың/ауданның сәулет және қала құрылысы басқармасы/бөлімі)
Управление/отдел архитектуры и градостроительства города республиканского значения/города областного значения/района)

Жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру туралы
анықтама
Справка о присвоении адреса объекту недвижимости

Мекенжай тіркелімі АЖ / ИС Адресный регистр
___________________________________________________________
(жылжымайтын мүлiк объектісі / объект недвижимости)

Тұрақты / алдын ала тiркеу жекенжайы:
Постоянный / предварительный адрес регистрации:

Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бас қаланың / облыстың атауы,  ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері

Республика Казахстан,     наименование города республиканского значения / области, наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса

Мекенжайды тiркеу коды:             Регистрационный код адреса:

Объектінің сипаттамасы:
Описание объекта:

Объектінің санаты:
Категория объекта:

Кадастрлық нөмiр:  Кадастровый номер:

Тiркеу күнi:
Дата регистрации:

Негіздеме құжат:
Документ основание:

Берілген күні:
Дата выдачи:

_______________________________________________________________
(Республикалық маңызы бар қаланың/облыстық маңызы бар қаланың/ауданның сәулет және қала құрылысы басқармасы/бөлімі)
Управление/отдел архитектуры и градостроительства города республиканского значения/города областного значения/района)

Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын жою туралы
анықтама
Справка об упразднеии адреса объекту недвижимости

Мекенжай тіркелімі АЖ / ИС Адресный регистр
___________________________________________________________
(жылжымайтын мүлiк объектісі / объект недвижимости)

Тұрақты / алдын ала тiркеу мекенжайы:
Постоянный / предварительный адрес регистрации:

Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бас қаланың / облыстың атауы,  ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері

Республика Казахстан,     наименование города республиканского значения / области,  наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса

Мекенжайды тiркеу коды:             Регистрационный код адреса:

Объектінің сипаттамасы:
Описание объекта:

Объектінің санаты:
Категория объекта:

Кадастрлық нөмiрі:
Кадастровый номер:

Жойылу күні:
Дата упразднения:

Негіздеме құжат:
Документ основание:

Берілген күні:
Дата выдачи:

«Қазақстан Республикасының
аумағында жылжымайтын мүлік
объектілерінің мекенжайын анықтау
бойынша анықтама беру»  
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына    
2-қосымша

Нысан

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың,
облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың бас
сәулетшісі ___________________________________
_______________________________________________
(Т.А.Ә. немесе заңды атауы және (немесе) сенімхат)
________________________________________________
(Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес
сәйкестендіру нөмірі (БСН) мекенжайы
________________________________________________
(заңды мекенжайы немесе тұрғылықты жері)
байланыстары____________________________________
(электрондық мекенжайы, тел.)

Өтініш

_____________________________________________________________________
________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан
_____________________________________________________________________
(облыс, қала (елді мекен) және объектінің орналасқан жері)
_____________________________________________________________________
мекенжай(ын) (тарихсыз/тарихымен) нақтылауды, (тұрақты/алдын ала) беруді, (тұрақты/алдын ала) жоюды сұраймын. (қажеттісінің астын сызыңыз)

Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

20__ жылғы «___» ____________
_____________________
(Қолы)

«Қазақстан Республикасының
аумағында жылжымайтын мүлік
объектілерінің мекенжайын анықтау
бойынша анықтама беру»  
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына    
3-қосымша

Нысан

______________________________________________
(Тегі, аты, бар болған жағдайда әкесінің аты
(бұдан әрі – Т.А.Ә.) не көрсетілетін қызметті
алушы ұйымының атауы)
_______________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан
бас тарту туралы қолхат

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы
15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) _______________________________;
2) _______________________________;
3) ....
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

Т.А.Ә.                                             (қолы)
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің)

Орындаушы: Т.А.Ә. ___________
Телефоны:___________________
Алдым: Т.А.Ә. / көрсетілетін қызметті алушының қолы

20__ жылғы «___» _________

Павлодар облысы әкімдігінің
2016 жылғы "26" мамырдағы
№ 162/4 қаулысымен
бекітілген

"Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1. "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 137 бұйрығымен бекітілген "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағымен көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың болуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1) өтінішті қарау және техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілердің эскизін (эскиздік жобасын) келісу мерзімі, мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, өтініш берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайды:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен құжаттарды қабылдайды, тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының көшірмесіне оның қабылданған уақыты мен күні көрсетіле отырып, тіркелгені туралы белгісі бар өтініштің көшірмесін береді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдайды - 15 (он бес) минут;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды – 30 (отыз) минут;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінішті қарайды, техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілердің эскизін (эскиздік жобасын) келісуді 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде дайындайды, Стандарттың 10-тармағымен көзделген негіздер бойынша дәлелді бас тарту жағдайында - 4 (төрт) жұмыс күні;
ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап береді - 2 (екі) жұмыс күні;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы эскизді (эскиздік жобаны) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қарайды және қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды - 30 (отыз) минут;
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері шығыс құжаттарының журналында тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға келісілген эскизді (эскиздік жобаны) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді - 15 (он бес) минут.
2) өтінішті қарау және техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілердің эскизін (эскиздік жобасын) келісу мерзімі, мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, өтініш берген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен құжаттарды қабылдайды, тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының көшірмесіне оның қабылданған уақыты мен күні көрсетіле отырып, тіркелгені туралы белгісі бар өтініштің көшірмесін береді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдайды - 15 (он бес) минут;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды - 30 (отыз) минут;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінішті қарайды, техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілердің эскизін (эскиздік жобасын) келісуді 12 (он екі) жұмыс күні ішінде дайындайды, Стандарттың 10-тармағымен көзделген негіздер бойынша дәлелді бас тарту жағдайында – 4 (төрт) жұмыс күні;
ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап береді – 2 (екі) жұмыс күні;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы эскизді (эскиздік жобаны) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қарайды және қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды – 30 (отыз) минут;
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері шығыс құжаттарының журналында тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға келісілген эскизді (эскиздік жобаны) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді – 15 (он бес) минут.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу немесе Стандарттың 10-тармағымен көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау осы регламенттің 23-қосымшаларында (кесте, мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалық) келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен
және (немесе) өзге де көрсетілетін қызмет берушілермен
өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы" және "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілмейді.

"Эскизді (эскиздік жобаны)
келісуден өткізу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызметі регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік қызметтті көрсету жөніндегі уәкілетті органдар

№ п/п

Атауы

Мекенжайы

Байланыс нөмірі

Электрондық мекенжайы

1

2

3

4

5

1

"Павлодар қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Павлодар,
Кривенко көшесі, 25-үй

8-718-2
32-01-80

kense.oa.ap@
pavlodar.gov.kz

2

"Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Екібастұз қаласы,
Дүйсенбаев көшесі,
34-үй

8-718-77
75-55-01

kense.ae@ pavlodar.gov.kz

3

"Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақсу қаласы,
Астана көшесі, 52-үй

8-718-37
5-64-84

kense.aa@ pavlodar.gov.kz

4

"Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ақтоғай ауданы,
Ақтоғай ауылы,
Алин көшесі, 97-үй

8-718-41
2-21-56

kense.aakr@ pavlodar.gov.kz

5

"Баянауыл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Сәтбаев көшесі, 45-үй

8-718-40
9-22-34

kense.abr@ pavlodar.gov.kz

6

"Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Железин ауданы, Железин ауылы,
Квитков көшесі,
7-үй

8-718-31
2-19-69

kense.azhr@ pavlodar.gov.kz

7

"Ертіс ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Иса Байзақов көшесі, 14-үй

8-718-32
2-12-50

kense.aer@ pavlodar.gov.kz

8

"Качир ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Качир ауданы,
Тереңкөл ауылы,
Ңлгин көшесі, 172-үй

8-718-33
2-10-55

kense.akr@ pavlodar.gov.kz

9

"Лебяжі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Лебяжі ауданы,
Аққу ауылы, Баймолдин көшесі, 13-үй

8-718-39
2-14-31

kense.alr@ pavlodar.gov.kz

10

"Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Май ауданы,
Көктөбе ауылы,
Әйтеке би көшесі, 18-үй

8-718-38
9-20-65

kense.amr@ pavlodar.gov.kz

11

"Павлодар ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,
Қайырбаев көшесі, 32-үй

8-718-2
32-30-14

kense.apr@ pavlodar.gov.kz

12

"Успен ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Успен ауданы,
Успен аылы,
Тәуелсіздікке 10 жыл көшесі, 30-үй

8-718-34
9-10-30

kense.aur@ pavlodar.gov.kz

13

"Шарбақты ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы,
Советтер көшесі, 51-үй

8-718-36
2-30-31

kense.ashr@ pavlodar.gov.kz

"Эскизді (эскиздік жобаны)
келісуден өткізу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызметі регламентіне
2-қосымша

Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің)
рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау

1) өтінішті қарау және техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілердің эскизін (эскиздік жобасын) келісу мерзімі, мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, өтініш берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайды:

Процестің іс-қимылы

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3

4

5

1

2

3

4

5

6

7

2

Құрылымдық бөлімшенің атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы

Келіп түскен құжаттарды қабылдау, тіркеу, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жолдау

Құжаттарды қарау, жауапты орындаушыны анықтау

Өтінішті қарау және техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілердің эскизін (эскиздік жобасын) келісуді дайындау; Стандарттың 10-тармағымен көзделген негіздер бойынша дәлелді бас тарту жағдайларында – 
4 (төрт) жұмыс күні;
ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қарауды тоқтату туралы жазбаша дәлелді жауап береді – 
2 (екі) жұмыс күні;

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы эскизді (эскиздік жобаны) қарауы және қол қоюы немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ұсынуы және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдауы

Шығыс хат-хабар журналында тіркеу

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Құжаттар топтамасының көшірмесіне оның қабылданған уақыты мен күнін көрсете отырып, тіркелгені туралы белгісі бар өтініштің көшірмесі

Бұрыштама қою

Эскизді (эскиздік жобаны) келісу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

Келісілген эскиз (эскиздік жоба) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

Көрсетілетін қызметті алушыға келісілген эскизді (эскиздік жобаны) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру

5

Орындау мерзімі

15 (он бес) минут

30 (отыз) минут

8 (сегіз) жұмыс күні ішінде;
Стандарттың 10-тармағымен көзделген негіздер бойынша дәлелді бас тарту жағдайында – 4 (төрт) жұмыс күні;
ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап – 
2 (екі) жұмыс күні;

30 (отыз) минут

15 (он бес) минут

1 (бір) жұмыс күні

8 (сегіз) жұмыс күні

1 (бір) жұмыс күні

Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің)
рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау

2) Өтінішті қарау және техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілердің эскизін (эскиздік жобасын) келісу мерзімі, мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, өтініш берген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды:

Процестің іс-қимылы

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3

4

5

1

2

3

4

5

6

7

2

Құрылымдық бөлімшенің атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) 
атауы

Келіп түскен құжаттарды қабылдау, тіркеу, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жолдау

Құжаттарды қарау, жауапты орындаушыны анықтау

Өтінішті қарау және техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілердің эскизін (эскиздік жобасын) келісуді дайындау;
Стандарттың 10-тармағымен көзделген негіздер бойынша дәлелді бас тарту жағдайында – 4 (төрт) жұмыс күні;
ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қарауды тоқтату туралы жазбаша дәлелді жауап береді – 2 (екі) жұмыс күні

Эскизді (эскиздік жобаны) келісуді қарау және қол қою немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ұсыну және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдау

Шығыс хат-хабар журналында тіркеу

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Құжаттар топтамасының көшірмесіне оның қабылданған уақыты мен күні көрсетіп отырып, тіркелгені туралы белгісі бар өтініштің көшірмесі

Бұрыштама қою

Эскизді (эскиздік жобаны) келісу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

Келісілген эскиз (эскиздік жоба) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

Көрсетілетін қызметті алушыға келісілген эскизді (эскиздік жобаны) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру

5

Орындау мерзімі

15 (он бес) минут

30 (отыз) минут

12 (он екі) жұмыс күні ішінде;
Стандарттың 10-тармағымен көзделген негіздер бойынша дәлелді бас тарту жағдайында – 4 (төрт) жұмыс күні;
ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап – 2 (екі) жұмыс күні;

30 (отыз) минут

15 (он бес) минут

1 (бір) жұмыс күні

12 (он екі) жұмыс күні

1 (бір) жұмыс күні

"Эскизді (эскиздік жобаны)
келісуден өткізу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызметі регламентіне
3-қосымша

"Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік
қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Шартты белгілер:

Қазақстан Республикасы    
Ұлттық экономика Министрінің
міндетін атқарушының    
2016 жылғы 17 наурызда   
№ 137 бұйрығымен бекітілді

«Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) Өтінішті қарау және техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілердің эскизін (эскиздік жобасын) келісу мерзімі, мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, өтініш берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайды.
Өтінішті қарау және техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілердің эскизін (эскиздік жобасын) келісу мерзімі, мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, өтініш берген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызмет алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қарауды тоқтату туралы жазбаша дәлелді жауап береді;
2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын тапсыру үшін жол берілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;
3) жол берілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу немесе осы стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттiк қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді кабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүргізіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүргізіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушыға (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет құжаттар тізбесі:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
эскиз (эскиздік жоба);
Сәулет-жоспарлау тапсырмасының көшірмесі;
жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін).
Өтініштің қабылдануын растау көрсетілетін қызметті берушідегі құжаттар топтамасының көшірмесіне оның қабылданған уақыты мен күні көрсетіп отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз ретінде:
1) мақсатына қатысты қойылатын талаптар кешенінен;
2) негізгі параметрлерінен;
3) объектінің нақты жер учаскесінде орналасуынан;
4) көшелерді, орамдарды және тұрғын үй алаптарын салудың сәулет-көркем колористикасына сәйкес түсіне қатысты шешімнен ауытқулар болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, не облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – әкімдік) басшысының атына, не Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (бұдан әрі – Комитет) басшысының атына немесе 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 10, Министрліктер үйі, 10-кіреберіс, телефон: 8 (7172) 74-19-28, 74-19-45 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы беріледі, не көрсетілген қызметті берушінің, Әкімдіктің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетілген тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылуы тиіс. 
Көрсетілетін қызметті берушінің, Әкімдіктің, Комитеттің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы не болмаса көрсетілетін қызметті берушінің, Әкімдіктің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар

12. Көрсетілетін қызмет алушының тыныс-тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзылуымен денсаулығының ақаулары бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы өтініш беру жолымен көрсетілетін қызмет берушінің қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мына Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефоны Министрліктің интернет-ресурсында: www.economy.gov.kz. орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

«Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден
өткізу» мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына қосымша

нысан
_______________________________
_______________________________
_______________________________

Өтініш

Өтініш берушінің аты:________________________________________________
(Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (болған жағдайда) немесе
заңды тұлғаның атауы)
Мекенжайы:___________________________________________________________
Телефоны:____________________________________________________________
Тапсырыс беруші:_____________________________________________________
Жобалаушы, № ГСЛ, санаты:____________________________________________
Атауы
_____________________________________________________________________
Жобаланатын объектінің атауы:________________________________________
Жобаланатын объектінің мекенжайы:____________________________________

Сізден эскизді (эскиздік жобаны) келісуіңізді сұраймын

Мыналар қоса беріледі:

Эскиз (эскиздік жоба)

Сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) (көшірмесі)

Жеке куәлігі (көшірмесі)

Сенім білдірілген өкілдің жеке куәлігі (көшірмесі)

Сенімхат (көшірмесі)

Қабылдады ___________________
қолы

күні: 20__ ж. «___» ____________

Тапсырды: _______________________
қолы

Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы "28" мамырдағы
№ 149/5 қаулысымен
бекітілді

"Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 19.02.2016 № 42/2 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

1. "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығымен бекітілген "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес және келесі бастапқы материалдарды:
техникалық шарттарды;
сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемаларын;
егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесін;
тік жоспарлау белгілерін;
жолдар мен көшелердің көлденең қималарын қоса берумен сәулет-жоспарлау тапсырмасы.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау

4. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың болуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес жобалар бойынша өтініштерді қарау мерзімі – мерзімі 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, өтініш берген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен асырмай:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен құжаттарды қабылдайды, тіркейді, құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, тіркелгені туралы белгісі бар өтініштің көшірмесін көрсетілетін қызметті алушыға береді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдайды – 15 (он бес) минут;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды – 30 (отыз) минут;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды тексереді, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды – 14 (он төрт) жұмыс күні, дәлелді бас тарту жағдайында – 1 (бір) жұмыс күні;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын не бас тарту туралы дәлелді жауапты қарайды, қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды – 30 (отыз) минут;
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсетудің дайын нәтижесін не бас тарту туралы дәлелді жауапты шығыс корреспонденция журналында тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді – 15 (он бес) минут;
2) техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі жобалар бойынша өтініштерді қарау мерзімі – мерзімі 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, өтініш берген күннен бастап 17 (он жеті) жұмыс күнінен асырмай:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен құжаттарды қабылдайды, тіркейді, құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, тіркелгені туралы белгісі бар өтініштің көшірмесін көрсетілетін қызметті алушыға береді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдайды – 15 (он бес) минут;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды – 30 (отыз) минут;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды тексереді, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды – 16 (он алты) жұмыс күні, дәлелді бас тарту жағдайында – 1 (бір) жұмыс күні;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын не бас тарту туралы дәлелді жауапты қарайды, қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды – 30 (отыз) минут;
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсетудің дайын нәтижесін не бас тарту туралы дәлелді жауапты шығыс корреспонденция журналында тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді – 15 (он бес) минут.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес және келесі бастапқы материалдарды:
техникалық шарттарды;
сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемаларын;
егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесін;
тік жоспарлау белгілерін;
жолдар мен көшелердің көлденең қималарын қоса берумен сәулет-жоспарлау тапсырмасы.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
8. Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшада (кестеде) келтірілген.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде
Мемлекеттік корпорациямен және (немесе)
өзге де көрсетілетін қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,
сондай-ақ ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау

9. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеу ұзақтығы.
Қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынады.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің ең ұзақ жол берілетін уақыты – 15 минут;
Мемлекеттік корпорацияның көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ жол берілетін уақыты – 20 минут.
Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап:
1-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері ұсынылған құжаттарды тексереді, көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішін қабылдайды және тіркейді, құжаттардың қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді;
1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
2-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен құжаттарды қабылдайды және тіркейді, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдайды;
3-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды;
4-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды тексереді, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын не бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
5-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын не бас тарту туралы дәлелді жауапты қарайды, қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды;
6-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсетудің дайын нәтижесін не бас тарту туралы дәлелді жауапты шығыс корреспонденция журналында тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға жібереді;
7-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетудің дайын нәтижесін не бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
10. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде жүгіну тәртібін және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау:
көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және (немесе) бизнес сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ парольдің көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталға ЖСН және (немесе) БСН мен парольді енгізуі (авторландыру процесі);
1-шарт – ЖСН және (немесе) БСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын порталда тексеру;
2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың бар болуымен байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны порталдың қалыптастыруы;
3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының құрылымы мен формат талаптарын ескере отырып, нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұраныс нысанына құжаттар топтамасының қажетті көшірмелерін электрондық түрде бекіту, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының сұранысты куәландыру (қол қою) үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдауы;
2-шарт – ЭЦҚ тіркеу куәлігінің әрекет мерзімін және қайтарылып алынған (күшін жоғалтқан) тіркеу куәліктері тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұраныста көрсетілген ЖСН және (немесе) БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН және (немесе) БСН арасындағы) сәйкестігін порталда тексеру;
4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ дұрыстығының расталмауымен байланысты сұралып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттар топтамасын (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) көрсетілетін қызметті беруші сұранысты өңдеу үшін "электрондық үкімет" шлюзі арқылы "электрондық үкіметтің" аймақтық шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына жолдау;
3-шарт – мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіз болып табылатын, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасының сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;
6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасында бұзушылықтардың бар болуымен байланысты сұралып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының портал қалыптастырған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны) алуы.
Көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.
Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қатыстырылатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдары осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес диаграммада келтірілген.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарын толық сипаттау, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібін және ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

"Сәулет-жоспарлау
тапсырмасын беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі уәкілетті органдар

Р/с№

Атауы

Мекенжайы

Байланыс нөмері

Электрондық мекенжайы

1

2

3

4

5

1

Ақтоғай ауданының әкімдігі

Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 75-үй

8-718-41 2-14-50

kense.aakr@ pavlodar. gov.kz

2

Баянауыл ауданының әкімдігі

Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Сәтбаев көшесі, 45-үй

8-718-40 9-12-03

kense.abr@ pavlodar. gov.kz

3

Железин ауданының әкімдігі

Железин ауданы, Железинка ауылы, Әуезов көшесі, 19-үй

8-718-31 2-21-40

kense.azhr@ pavlodar. gov.kz

4

Ертіс ауданының әкімдігі

Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Қажымұқан көшесі, 118-үй

8-718-32 2-10-68

kense.aer@ pavlodar. gov.kz

5

Качир ауданының әкімдігі

Качир ауданы, Тереңкөл ауылы, Елгин көшесі, 172-үй

8-718-33 2-15-70

kense.akr@ pavlodar. gov.kz

6

Лебяжі ауданының әкімдігі

Лебяжі ауданы, Аққу ауылы, Всеволод Иванов көшесі, 92-үй

8-718-39 2-10-32

kense.alr@ pavlodar. gov.kz

7

Май ауданының әкімдігі

Май ауданы, Көктөбе ауылы,
Абылайхан көшесі, 34-үй

8-718-38 9-11-70

kense.amr@ pavlodar. gov.kz

8

Павлодар ауданының әкімдігі

Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32-үй

8-718-2 32-20-89

kense.apr@ pavlodar. gov.kz

9

Успен ауданының әкімдігі

Успен ауданы, Успенка ауылы, Ленин көшесі, 71-үй

8-718-34 9-19-37

kense.aur@ pavlodar. gov.kz

10

Шарбақты ауданының әкімдігі

Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Советов көшесі, 51-үй

8-718-36 2-19-91

kense.ashr@ pavlodar. gov.kz

11

Ақсу қаласының әкімдігі

Ақсу қаласы, Астана көшесі, 52-үй

8-718-37 5-01-63

kense.aa@ pavlodar. gov.k

12

Екібастұз қаласының әкімдігі

Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45-үй

8-718-77 4-09-45

kense.ae@ pavlodar. gov.kz

13

Павлодар қаласының әкімдігі

Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32-үй

8-718-2 32-01-80

kense.ap@ pavlodar. gov.kz

"Сәулет-жоспарлау
тапсырмасын беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
2-қосымша

Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) рәсімдері
(
іс-қимылдары) реттілігінің сипаттамасы

1) техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес жобалар бойынша 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік қызметті көрсету кезінде

Процестің іс-қимылы

1

Іс-қимылдың
(жұмыс барысының, ағымының) №

1

2

3

4

5

1

2

3

4

5

6

7

2

Құрылымдық бөлімшенің атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы

Келіп түскен құжаттарды қабылдау, тіркеу, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдау

Құжаттарды қарау, жауапты орындаушыны анықтау

Құжаттарды тексеру, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын не бас тарту туралы дәлелді жауап дайындау және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдау

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын не бас тарту туралы дәлелді жауапты қарау, қол қою және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдау

Шығыс корреспонденция журналында тіркеу

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, тіркеу туралы белгісі бар өтініштің көшірмесі

Бұрыштама қою

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасы не бас тарту туралы дәлелді жауап

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі не бас тарту туралы дәлелді жауап

Мемлекеттік қызметті көрсетудің дайын нәтижесін не бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушыға беру

5

Орындау мерзімдері

15 (он бес) минут

30 (отыз) минут

14 (он төрт) жұмыс күні, дәлелді бас тарту жағдайында – 1 (бір) жұмыс күні

30 (отыз) минут

15 (он бес) минут

Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) рәсімдері
(іс-қимылдары) реттілігінің сипаттамасы

2) техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі жобалар бойынша 17 (он жеті) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік қызметті көрсету кезінде

Процестің іс-қимылы

1

Іс-қимылдың
(жұмыс барысының, ағымының) №

1

2

3

4

5

1

2

3

4

5

6

7

2

Құрылымдық бөлімшенің атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы

Келіп түскен құжаттарды қабылдау, тіркеу, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдау

Құжаттарды қарау, жауапты орындаушыны анықтау

Құжаттарды тексеру, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын не бас тарту туралы дәлелді жауап дайындау және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдау

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын не бас тарту туралы дәлелді жауапты қарау, қол қою және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдау

Шығыс корреспонденция журналында тіркеу

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, тіркеу туралы белгісі бар өтініштің көшірмесі

Бұрыштама қою

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасы не бас тарту туралы дәлелді жауап

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі не бас тарту туралы дәлелді жауап

Мемлекеттік қызметті көрсетудің дайын нәтижесін не бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушыға беру

5

Орындау мерзімдері

15 (он бес) минут

30 (отыз) минут

16 (он алты) жұмыс күні, дәлелді бас тарту жағдайында – 1 (бір) жұмыс күні

30 (отыз) минут

15 (он бес) минут

"Сәулет-жоспарлау
тапсырмасын беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қатыстырылатын ақпараттық
жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы

Шартты белгілер мен қысқартулар

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика Министрінің
міндетін атқарушының   
2015 жылғы 27 наурыздағы 
№ 257 бұйрығына    
2-қосымша

«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 23 (01.03.2016 қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

1. «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді жобалауға арналған өтінішті қарау мерзімі:
Сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беруге – 6 (алты) жұмыс күні;
бастапқы материалдарды (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) алу – 15 (он бес) жұмыс күні.
Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді жобалауға арналған өтінішті қарау мерзімі:
Сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беруге – 15 (он бес) жұмыс күні;
бастапқы материалдарды (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) алу – 17 (он жеті) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап береді.
Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің ең ұзақ жол берілетін уақыт – 15 минут, Мемлекеттік корпорацияға – 15 минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақжол берілетін уақыт – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияға – 20 минут.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.07.2016 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 1-қосымшасына сәйкес және келесі бастапқы материалдарды:
техникалық шарттарды;
сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемаларын;
егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесін;
тік жоспарлау белгілерін;
жолдар мен көшелердің көлденең қималарын қоса берумен сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді кабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүргізіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүргізіледі;
2) Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Ресбубликасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау «электрондық» кезек күту тәртібімен, жеделдетіп қызмет көрсетусіз, жылжымайтын мүлік орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады. Электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.
3) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушыға (не уәкілетті өкілі:
құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға;
нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) өтініші бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
Сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);
жобалауға арналған тапсырманың көшірмесі;
жер учаскесіне құқық беретін құжатнемесе жергілікті атқарушы органның реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешімінің көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу
үшін техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы;
бастапқы материалдарды алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);
жобалауға арналған тапсырманың көшірмесі;
жер учаскесіне құқық беретін құжаттың көшірмесі немесе жергілікті атқарушы органның реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешімінің көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу
үшін техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы;
топографиялық түсірілім.
2) Мемлекеттік корпорацияға:
Сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);
жобалауға арналған тапсырма;
жер учаскесіне құқық беретін құжат немесе жергілікті атқарушы органның реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешімі;

жер учаскесіне құқық беретін құжат немесе жергілікті атқарушы органның реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешімінің электрондық көшірмесі;
жобалауға арналған тапсырманың электрондық көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу
үшін техникалық шарттарға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі;
бастапқы материалдарды алу үшін:осы мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтініш;
жер учаскесіне құқық беретін құжат немесе жергілікті атқарушы органның реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешімінің электрондық көшірмесі;
жобалауға арналған тапсырманың электрондық көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу
үшін техникалық шарттарға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі;
топографиялық түсірілімнің электрондық көшірмесі беріледі.
Қызмет алушыдан ақпараттық жүйелер арқылы алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы құжаттар туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиесті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін алады.
Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін тұпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Өтініштің қабылдануын растау:
құжаттар топтамасының көшірмесіне оның қабылданған уақыты мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы көрсетілетін қызмет берушідегі белгі;
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы тармағымен көзделген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорация арқылы дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде алушыға (не уәкілетті өкілі:
құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға;
нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай мерзім ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін нәтиже одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жібереді. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.
Порталда электрондық сұрауды қабылдау корсетілетін кызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.07.2016 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың
қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

11. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша қажетілерін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.
Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол, сол сияқты поштамен түскен шағымның қабылдануының расталуының тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен өтініш бере алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде мемлекеттік
корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге де талаптар

13. Көрсетілетін қызмет алушының тыныс-тіршілігін әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзылуымен денсаулығының ақаулары бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы өтініш беру жолымен Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мына интернет-ресурстарда:
Министрліктің: www.economy.gov.kz;
Мемлекеттік корпорацияның: www.con.gov.kz жарияланған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
16. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефоны Министрліктің интернет-ресурсында: www.economy.gov.kz. орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет 
стандартына 1-қосымша

нысан

Қазақстан Республикасы
_____________________________________________________________________
(республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың сәулет және қала құрылысы органының атауы)
____________________________________________________________________
(орналасқан жері, электрондық мекенжайы, тел.)

Бекітемін:

(қаланың, ауданның) бас сәулетшісі
____________________________________
(Т.А.Ә. – болған жағдайда)

Жобалауға сәулет-жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) №_______ 20____ жылғы «____»_____________

Объектінің атауы:__________________________________________________
___________________________________________________________________

Тапсырыс беруші (құрылыс салушы, инвестор):
___________________________________________________

Қала (елді мекен), жыл

Сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) әзірлеу үшін негіздеме

Қала (аудан) әкімдігінің қаулысы №_______ _________     (күні, айы, жылы)

1. Учаскенің сипаттамасы

1. Учаскенің орналасқан жері

Қала, аудан, шағын аудан, ауыл, орам

2. Салынған құрылыстың болуы (учаскеде бар құрылыстар мен имараттар, оның ішінде коммуникациялар, инженерлік құрылғылар, абаттандыру элементтері және басқалары)

Қысқаша сипаттамасы

3. Геодезиялық зерделенуі (түсірілімдердің болуы, олардың масштабтары)

Қысқаша сипаттамасы

4. Инженерлік-геологиялық зерделенуі (инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық, топырақ-ботаникалық және басқа іздестірулердің қолда бар материалдары)

Қысқаша сипаттамасы

2. Жобаланатын объектінің сипаттамасы

1. Объектінің функционалдық мәні

Қысқаша сипаттамасы

2. Қабаттылығы

Қысқаша сипаттамасы

3. Жоспарлау жүйесі

Объектінің функционалдық мәнін ескере отырып, жоба бойынша

4. Конструктивті схема

Жоба бойынша

5. Инженерлік қамтамасыз ету

Қысқаша сипаттамасы

6. Энергия тиімділік сыныбы

Қысқаша сипаттамалары бар нормативтік

3. Қала құрылысы талаптары

1. Көлемдік-кеңістіктік шешім

Учаске бойынша іргелес объектілермен байланыстыру

2. Бас жоспар жобасы

Жанасатын көшелердің тік жоспарлау белгілерінің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына, ҚР құрылыстық нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес

2-1 тік жоспарлау

Іргелес аумақтардың жоғары белгілерімен байланыстыру

2-2 абаттандыру және көгалдандыру

Қысқаша сипаттамасы бар нормативтік

2-3 автомобильдер тұрағы

Қысқаша сипаттамасы бар нормативтік

2-4 топырақтың құнарлы қабатын пайдалану

Қысқаша сипаттамасы

2-5 шағын сәулет нысандары

Қысқаша сипаттамасы

2-6 жарықтандыру

Қысқаша сипаттамасы

4. Сәулет талаптары

1. Сәулеттік келбетінің стилистикасы

Объектінің функционалдық ерекшеліктеріне сәйкес сәулеттік келбетін қалыптастыру

2. Қоршап тұрған құрылыс салумен өзара үйлесімдік сипаты

Объектінің орналасқан жеріне және қала құрылысы мәніне сәйкес

3. Түсіне қатысты шешім

Келісілген эскиздік жобаға сәйкес

4. Жарнамалық-ақпараттық шешім, оның ішінде:

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес жарнамалық-ақпараттық қондырғыларды көздеу

4-1 түнгі жарықпен безендіру

Қысқаша сипаттамасы

5. Кіреберіс тораптар

Кіреберіс тораптарға назар аударуды ұсыну

6. Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының өмір сүруі үшін жағдай жасау

Іс-шараларды ҚР құрылыстық нормативтік құжаттарының нұсқаулары мен талаптарына сәйкес көздеу; мүгедектердің ғимаратқа қолжетімділігін көздеу, пандустар, арнайы кірме жолдар мен мүгедектер арбаларының өту жолдарын көздеу

7. Дыбыс-шу көрсеткіштері бойынша шарттарды сақтау

ҚР құрылыстық нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес

5. Сыртқы әрлеуге қойылатын талаптар

1. Цоколь

Қысқаша сипаттамасы

2. Қасбет
Қоршау конструкциялары

Қысқаша сипаттамасы

6. Инженерлік желілерге қойылатын талаптар

1. Жылумен жабдықтау

Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__  және берілген күні)

2. Сумен жабдықтау

Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__  және берілген күні)

3. Кәріз

Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__  және берілген күні)

4. Электрмен жабдықтау

Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__  және берілген күні)

5. Газбен жабдықтау

Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__  және берілген күні)

6. Телекоммуникациялар және телерадиохабар

Техникалық шарттарға (ТШ №__  және берілген күні) және нормативтік құжаттарға сәйкес

7. Дренаж (қажет болған жағдайда) және нөсерлік кәріз

Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__  және берілген күні)

8. Стационарлы суғару жүйелері

Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__  және берілген күні)

7. Құрылыс салушыға жүктелетін міндеттемелер

1. Инженерлік іздестірулер бойынша

Жер учаскесін игеруге геодезиялық орналастырылғаннан және оның шекарасы нақты (жергілікті жерге) бекітілгеннен және жер жұмыстарын жүргізуге ордер алынғаннан кейін кірісу

2. Қолданыстағы құрылыстар мен имараттарды бұзу (көшіру) бойынша

Қажет болған жағдайда қысқаша сипаттамасы

3. Жер асты және жер үсті коммуникацияларын ауыстыру бойынша

Ауыстыру (орналастыру) туралы техникалық шарттарға сәйкес не желілер мен құрылыстарды қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу

4. Жасыл көшеттерді сақтау және/немесе отырғызу бойынша

Қысқаша сипаттамасы

5. Учаскенің уақытша қоршау құрылысы бойынша

Қысқаша сипаттамасы

8. Қосымша талаптар

1. Ғимараттағы ауа баптау жүйесін жобалау кезінде (жобада орталықтандырылған суық сумен жабдықтау және ауа баптау көзделмеген жағдайда) ғимарат қасбеттерінің сәулеттік шешіміне сәйкес жергілікті жүйелердің сыртқы элементтерін орналастыруды көздеу қажет. Жобаланатын ғимараттың қасбеттерінде жергілікті ау баптау жүйелерінің сыртқы элементтерін орналастыруға арналған жерлерді (бөліктер, маңдайшалар, балкондар және т.б.) көздеу қажет.

2. Ресурс үнемдеу және қазіргі заманғы энергия үнемдеу технологиялары бойынша материалдарды қолдану.

9. Жалпы талаптар

1. Жобаны (жұмыс жобасын) әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қолданыстағы заңнамасының нормаларын басшылыққа алуы қажет.
2. Қаланың (ауданның) бас сәулетшісімен келісу:
- эскиздік жоба.

Ескертпелер:
1. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы (бұдан әрі – СЖТ) және техникалық талаптар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың құрамында бекітілген құрылыстың бүкіл нормативтік ұзақтығының мерзімі шегінде қолданылады.
2. СТЖ шарттарын қайта қарауды талап ететін мән-жайлар туындаған кезде, оған өзгерістер тапсырыс берушінің келісімі бойынша енгізілуі мүмкін.
3. СЖТ-да көрсетілген талаптар мен шарттар меншік нысанына және қаржыландыру көздеріне қарамастан инвестициялық процестің барлық қатысушылары үшін міндетті. СЖТ тапсырыс берушінің немесе жергілікті сәулет және қала құрылысы органының өтініші бойынша қала құрылыстық кеңестің, сәулеттік жұртшылықтың талқылау нысанасы болуы, тәуелсіз сараптамада қарауы мүмкін.
4. Тапсырыс берушінің СЖТ-да қамтылған талаптармен келіспеуі сот тәртібімен шағымдалуы мүмкін.

СЖТ жасаған
________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә. – болған
жағдайда)________________________________
(қолы)

СЖТ қабылдаған
_____________________________
(күні, айы, жылы)

_____________________________
(қолы)

«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына    
2-қосымша

нысан

_______________________________
_______________________________
_______________________________

Бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтініш

Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.07.2016 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Өтініш берушінің аты: _______________________________________________
(Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы)
Мекенжайы: __________________________________________________________
Телефоны:____________________________________________________________
Тапсырыс беруші: ____________________________________________________
Жобалаушы № ГСЛ, санаты: ____________________________________________
Атауы _______________________________________________________________
Жобаланатын объектінің атауы:
_____________________________________________________________________
Жобаланатын объектінің мекенжайы:
_____________________________________________________________________
Сізден

1- пакет (сәулет-жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттарды)
2 - пакет (сәулет-жоспарлау тапсырмасын, тік жоспарлау белгілерін, түбегейлі жоспарлау жобасынан алынған көшірмені, жолдар мен көшелердің көлденең
қималарын, техникалық шарттарды, сыртқы инженерлік желілер трассасының схемаларын)
беруіңізді сұраймын.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын
құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
күні: 20__ ж. «_____»_______________

Тапсырды: __________________________
қолы

«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет 
стандартына 3-қосымша

Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу
үшін техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы

Тапсырыс беруші

-

Объектінің атауы

-

Нормалар бойынша құрылыс салу мерзімі

-

Объектіге (реконструкциялауға) құқық белгілейтін құжаттар

-

Қабаттылығы

-

Ғимараттың алаңы

-

Пәтерлер (нөмірлер, кабинеттер) саны

-

Электрмен жабдықтау

Кезек бойынша құрылыс салу барысында қосымша

Реконструкциялау барысында

Талап етілетін қуаты, кВт

-

Жүктеме сипаты (фаза)

Бір фазалы, үш фазалы, тұрақты, уақытша, маусымдық

Сенімділігі бойынша санаты

I санат___кВт (кВА), II санат ___кВт (кВА), III санат___кВт (кВА)

Пайдалануға берілгеннен кейін жылдар бойынша ең жоғарғы жүктеме (қолданыстағы жүктемені ескере отырып үдемелі қорытындымен)

20__ж.____кВт, 20__ж.____кВт, 20__ж.____кВт

көрсетілген ең жоғарғы жүктемеден мыналар электр қабылдағыштарға жатады:

I санат___кВт (кВА), II санат___кВт (кВА), III санат___кВт (кВА)

Электр қазандарын, электрокалориферлерді, электр плиталарын, электр пештерін, электр су қыздырғыштарды орнату болжанады (қажеттісінің астын сызыңыз)

саны ___ дана, бірліктік қуаты

_____ кВт (кВА)

Қолданыстағы ең жоғарғы  жүктеме

-

Трансформаторлардың шарт бойынша рұқсат етілген қуаты

№ _________ТЖ-да ______ ТЖ-да кВА

№ _________ТЖ-да ______ ТЖ-да  кВА

Сумен жабдықтау

Судың жалпы қажеттілігі

____

м3/тәулік

____

м3/сағ.

ауыз суы

____

л/сек. ең жоғарғы

оның ішінде

Шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне

____

м3/тәулік

____

м3/сағ.

____

л/сек. ең жоғарғы

Өндірістік қажеттіліктерге

м3/тәулік

м3/сағ.

____

л/сек. ең жоғарғы

Өрт сөндіруге қажетті шығыстар

____

л/сек.

Кәріз

Сарқынды сулардың жалпы мөлшері

____

м3/тәулік

____

м3/сағ. ең жоғарғы

оның ішінде

Нәжіспен ластанған

м3/тәулік

____

м3/сағ. ең жоғарғы

Өндірістік ластанған

м3/тәулік

м3/сағ. ең жоғарғы

Қала кәрізіне шығарылатын шартты таза сулар

____

м3/тәулік

____

м3/сағ. ең жоғарғы

Өнеркәсіптік сарқынды сулардың сапалық құрамы мен сипаттамалары (рН, өлшенген заттардың, қышқылдардың, сілтілердің, жарылғыш, радиактивтік жанатын заттардың және басқалары концентрациясының БГ)

Жылумен жабықтау

Жалпы жылу жүктемесі

____Гкал/сағ.

оның ішінде:

Жылыту

____ Гкал/сағ.

Желдету

____ Гкал/сағ.

Ыстық сумен жабдықтау

____ Гкал/сағ.

Технологиялық қажеттіліктер (бу)

____ т/сағ.

Жүктемені тұрғын үйлер және жапсарлас салынған үй-жайлар бойынша бөлу

-

Энергия үнемдеу іс-шарасы

-

Нөсерлік кәріз

Тапсырыс берушінің қалауы

-

Телефон орнату

Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар бойынша ОТА және қызметтер саны

-

Телефон сыйымдылығы

-

Жоспарланатын телефон арнасы

-

Тапсырыс берушінің қалауы (жабдықтың түрі, кабель түрі және т.б.)

-

Газбен жабдықтау

Жалпы қажеттілік

____м3/сағ.

оның ішінде:

Тамақ әзірлеуге

____м3/сағ.

Жылытуға

____м3/сағ.

Желдетуге

____м3/сағ.

Ауа баптауға

____м3/сағ.

Көп қабатты үйлерге газ орнату кезінде ыстық сумен жабдықтау

____м3/сағ.

Ескертпе *
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
* Сауалнама парағын қосалқы тұтынушы берген жағдайда, ескертпеде тұтынушының қосалқы тұтынушыны оның желілеріне қосуға келісімі көрсетіледі. Бұл ретте тұтынушының келісімінде оның деректері көрсетіледі (жеке тұлғалар – қолдарын қояды, заңды тұлғалар – қолдары мен мөрлерін қояды).
Тапсырыс беруші: ______________________
20___ ж. «___» ________________

«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет 
стандартына 4-қосымша

нысан

_____________________________________________
(Тегі, аты, болса – әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
не көрсетілетін қызметті алушы ұйымның атауы)
_____________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы
15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) _______________________________;
2) _______________________________;
3) ....
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

Т.А.Ә.                                    (қолы)
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің)

Орындаушы: Т.А.Ә.____________
Телефоны: _____________
Алдым: Т.А.Ә./ көрсетілетін қызметті алушының қолы

20__ жылғы «___» _________

Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы "24" сәуірдегі
№ 114/4 қаулысымен
бекітілді

"Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 01.03.2016 № 90/3 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

1. "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 270 бұйрығымен бекітілген "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес жер-кадастрлық жоспары мен уақытша (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) өтеулi (өтеусіз) жер пайдалану шартын (бұдан әрі – уақытша жер пайдалану шарты) қоса ұсынып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім немесе Стандарттың 10-тармағымен көзделген себептер мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы уақытша жер пайдалану шартына қол қояды және оны жер қатынастары бойынша уәкілетті органында тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан әрі тіркеу үшін жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органға жібереді.
Жер учаскесін тұрғын үй салу үшін сұраған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының өтініші (қолдаухаты) арнайы есепке алынады және бөлуге арналған алаңдар дайын болғанда не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақ болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып қанағаттандырылады.
Порталда мемлекеттік қызмет қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау

4. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың болуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1) құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап:
1-кезең: келісуші органдардың және ұйымдардың оң қорытындыларымен жер учаскесін таңдау актісін дайындау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні;
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Мемлекеттік корпорацияның қызметкерінен құжаттарды қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарау үшін тапсырады – 15 (он бес) минут;
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттарды қарайды және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органға жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні;
сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды – 1 (бір) жұмыс күні;
жауапты орындаушы:
жер учаскесін орналастырудың ахуалдық схемасымен жер учаскесін таңдау актісін (бұдан әрі – таңдау акті) дайындайды – 7 (жеті) жұмыс күні;
таңдау актісін бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге және Мемлекеттік корпорацияға мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытынды дайындау үшін келісуге жолдайды – 12 (он екі) жұмыс күні;
оң шешім қабылданған жағдайда – жер учаскесін түпкілікті таңдау актісін сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысына бекіту үшін ұсынады – 2 (екі) жұмыс күні;
теріс шешім кезінде – мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысына қол қою үшін ұсынады – 1 (бір) жұмыс күні;
сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы таңдау актісін қарайды және оған қол қояды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап – 1 (бір) жұмыс күні;
жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушымен келісу үшін Мемлекеттік корпорацияға түпкілікті таңдау актісін және Мемлекеттік корпорация ұсынған жер-кадастрлық жоспарды дайындауға арналған есепті (сметаны) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолдайды – 3 (үш) жұмыс күні;
2-кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келіскенде және жер-кадастрлық жұмыстар қызметтеріне ақы төлеген кезде – жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару – 22 (жиырма екі) жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорация жер-кадастрлық жоспарды дайындауға ақы төленген жағдайда, оны жер қатынастары бойынша уәкілетті органға жолдайды – 10 (он) жұмыс күні;
жер қатынастары бойынша уәкілетті органның басшысы жер-кадастрлық жоспарды қарайды, бекітеді және жауапты орындаушыны анықтайды – 2 (екі) жұмыс күні;
жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешім жобасын және уақытша жер пайдалану шартын дайындайды – 5 (бес) жұмыс күні;
жер қатынастары бойынша уәкілетті органның басшысы шешім жобасын қарайды, уақытша жер пайдалану шартына қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні;
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы шешім жобасын қарайды және оған қол қояды, жер қатынастары бойынша уәкілетті органға жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні;
жауапты орындаушы Мемлекеттік корпорацияға жер-кадастрлық жоспарды және уақытша жер пайдалану шартын қоса ұсынып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешімнің көшірмесін екі данада көрсетілетін қызметті алушыға қол қойғызу үшін жолдайды – 2 (екі) жұмыс күні.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес жер-кадастрлық жоспар мен уақытша жер пайдалану шартын қоса ұсынып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім немесе Стандарттың 10-тармағымен қарастырылған жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жауап.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
3) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы;
4) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы;
5) жер қатынастары бойынша уәкілетті органның басшысы;
6) жер қатынастары бойынша уәкілетті органның жауапты орындаушысы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау осы регламенттің 1-қосымшасында (кестеде) келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе)
өзге де көрсетілетін қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ
ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

9. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін, көрсетілетін қызметті алушының сұратуын өңдеу ұзақтығын сипаттау:
көрсетілетін қызметті алушы қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорацияға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынады.
Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдірген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
1) құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап:
1-кезең: келісуші органдардың және ұйымдардың оң қорытындыларымен жер учаскесін таңдау актісін дайындау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні;
1-процесс – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін алу туралы өтінішін қабылдауды жүзеге асырады, өтініш иесіне жер учаскесін таңдау актісін келісу үшін қолхатты алу мерзімі көрсетілетін құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады;
1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
2-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Мемлекеттік корпорацияның қызметкерінен құжаттарды қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарау үшін тапсырады;
3-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттарды қарайды және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органға жолдайды;
4-процесс – сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды;
5-процесс – жауапты орындаушы:
таңдау актісін дайындайды;
таңдау актісін бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге және Мемлекеттік корпорацияға мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытынды дайындау үшін келісуге жолдайды;
оң шешім қабылданған жағдайда – түпкілікті таңдау актісін сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысына бекіту үшін ұсынады;
теріс шешім кезінде – мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысына қол қою үшін ұсынады;
6-процесс – сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы түпкілікті таңдау актісін қарайды және оған қол қояды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолдайды;
7-процесс – жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушымен келісу үшін Мемлекеттік корпорацияға түпкілікті таңдау актісін және Мемлекеттік корпорация ұсынған жер-кадастрлық жоспарды дайындауға арналған есепті (сметаны) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолдайды;
8-процесс – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға уақытша жер пайдалану шартына қол қою күні көрсетілетін, қол қойылған жер учаскесін түпкілікті таңдау актісінің қабылданғаны туралы қолхат береді, сондай-ақ өтініш иесін берілген қолхатта көрсетілген байланыс деректері бойынша ақпарат алу мүмкіндігі туралы хабардар етеді және Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушымен келісілген түпкілікті таңдау актісін және жер-кадастрлық жоспарды дайындау қызметтеріне ақы төленгені туралы төлем құжатын (түбіртекті) тапсыруды жүзеге асырады;
2-кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісі мен жер-кадастрлық жұмыстар қызметтеріне ақы төлеуді келіскен кезде – жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешімді шығару – 22 (жиырма екі) жұмыс күні;
9-процесс – Мемлекеттік корпорация жер-кадастрлық жоспарды дайындауға ақы төленген жағдайда, оны жер қатынастары бойынша уәкілетті органға жолдайды;
10-процесс – жер қатынастары бойынша уәкілетті органның басшысы жер-кадастрлық жоспарды қарайды, бекітеді және жауапты орындаушыны анықтайды;
11-процесс – жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешім жобасын және уақытша жер пайдалану шартын дайындайды;
12-процесс – жер қатынастары бойынша уәкілетті органның басшысы шешім жобасын қарайды, уақытша жер пайдалану шартына қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жолдайды;
13-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы шешім жобасын қарайды және оған қол қояды және жер қатынастары бойынша уәкілетті органға жолдайды;
14-процесс – жауапты орындаушы Мемлекеттік корпорацияға жер-кадастрлық жоспарды және уақытша жер пайдалану шартын қоса ұсынып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешімнің көшірмесін екі данада өтініш иесіне қол қойғызу үшін жолдайды;
15-процесс – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды беруді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушыға уақытша жер пайдалану шартына екі данада қол қойғызады.
10. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде жүгіну тәртібін және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау:
1) құжаттарды порталға тапсырған сәттен бастап:
1-кезең: келісуші органдардың және ұйымдардың оң қорытындыларымен жер учаскесін таңдау актісін дайындау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні;
2-кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келіскенде және жер-кадастрлық жұмыстар қызметтеріне ақы төлеген кезде – жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешімді шығару – 22 (жиырма екі) жұмыс күні;
көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ парольдің (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады) көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады;
1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызметті алу үшін порталға ЖСН/БСН және парольді енгізу процесі (авторландыру процесі);
1-шарт – ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын порталда тексеру;
2-процесс – порталда көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының құрылымы мен формат талаптарын ескере отырып, нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұраныс нысанына Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың қажетті көшірмелерін электрондық түрде бекіту;
4-процесс – қызмет ақысын "электрондық үкіметтің" төлем шлюзінде төлеу, осы ақпараттың порталға түсуі;
2-шарт – ақпараттық жүйеде қызметті көрсету үшін төлем жүргізу фактісін тексеру;
5-процесс – порталда қызметті көрсету үшін төлемнің жоқтығына байланысты сұратылып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін таңдауы;
3-шарт – ЭЦҚ тіркеу куәлігінің әрекет мерзімін және қайтарылып алынған (күшін жоғалтқан) тіркеу куәліктері тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұраныста көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) порталда тексеру;
7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ дұрыстығының расталмауына байланысты сұратылып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсету сұрауының толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыруы (қол қоюы);
9-процесс – порталда сұрауды тіркеу және өңдеу;
4-шарт – көрсетілетін қызметті алушы ұсынған, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың және қызмет көрсету үшін негіздерге сәйкестігін аумақтық бөлімшенің тексеруі;
10-процесс – қорытынды негізінде порталда көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың бар болуымен байланысты сұралып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
11-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы қалыптастырылады.
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес диаграммаларда келтірілген.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдарының реттілігін толық сипаттау, сондай-ақ көрсетілетін қызмет берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібін және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау осы регламенттің 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.

"Елді мекен шегінде объект
салу үшін жер учаскесін беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) рәсімдер (іс-қимылдар)
реттілігін сипаттау 1-кезең: келісуші органдардың және ұйымдардың оң
қорытындыларымен жер учаскесін таңдау актісін
дайындау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні

Негізгі процестің іс-қимылы

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) №

1

2

3

4

5

6

2

Құрылымдық бөлімшенің атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы

Сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы

Жауапты орындаушы

Сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы

Жауапты орындаушы

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы

Мемлекеттік корпорация қызметкерінен құжаттарды қабылдау және тіркеу

Құжаттарды қарау

Құжаттарды қарау

Таңдау актісін дайындау;
Таңдау актісін бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге және Мемлекеттік корпорацияға мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытынды дайындау үшін келісуге жолдау;
Оң шешім қабылданған жағдайда – түпкілікті таңдау актісін сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысына бекіту үшін ұсыну;
Теріс шешім кезінде – мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасын дайындау және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысына қол қою үшін жолдау

Түпкілікті таңдау актісін қарау

Түпкілікті таңдау актісін және Мемлекеттік корпорация ұсынған жер-кадастрлық жоспарды дайындауға арналған есепті (сметаны) Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушымен келісу үшін жолдау

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімші шешім)

Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарау үшін тапсыру

Сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органға жолдау

Жауапты орындаушыны анықтау

Түпкілікті таңдау актісі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасы

Түпкілікті таңдау актісіне немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою

Көрсетілетін қызметті алушымен келісу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

5

Орындау мерзімдері

15 (он бес) минут

1 (бір) жұмыс күні

1 (бір) жұмыс күні

7 (жеті) жұмыс күні 12 (он екі) жұмыс күні 2 (екі) жұмыс күні 1 (бір) жұмыс күні

1 (бір) жұмыс күні

3 (үш) жұмыс күні

2-кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келіскенде
және жер-кадастрлық жұмыстар қызметтеріне ақы төлеген кезде – жер учаскесіне жер
пайдалану құқығын беру туралы шешімді шығару – 22 (жиырма екі) жұмыс күні

Негізгі процестің іс-қимылы

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) №

1

2

3

4

5

2

Құрылымдық бөлімшенің атауы

Жер қатынастары бойынша уәкілетті органның басшысы

Жауапты орындаушы

Жер қатынастары бойынша уәкілетті органның басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы

Жауапты орындаушы

3

Іс-қимылдың (процестің,
рәсімнің, операцияның) атауы

Жер-кадастрлық жоспарды бекіту

Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешім жобасын және уақытша жер пайдалану шартын дайындау

Шешім жобасын қарау, уақытша жер пайдалану шартына қол қою

Шешім жобасын қарау және оған қол қою

Мемлекеттік корпорацияға жер-кадастрлық жоспарды және уақытша жер пайдалану шартын қоса ұсынып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім көшірмесін екі данада көрсетілетін қызметті алушыға қол қойғызу үшін жолдау

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімші шешім)

Жауапты орындаушыны анықтау

Шешім жобасы, уақытша жер пайдалану шарты

Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жолдау

Шешімді уәкілетті органға жолдау

Құжаттарды беру және көрсетілетін қызметті алушыға шартқа екі данада қол қойғызу

5

Орындау мерзімдері

2 (екі) жұмыс күні

5 (бес) жұмыс күні

1 (бір) жұмыс күні

1 (бір) жұмыс күні

2 (екі) жұмыс күні

"Елді мекен шегінде объект салу
үшін жер учаскесін беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әрекет ететін ақпараттық
жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

Шартты белгілері мен қысқартулар

"Елді мекен шегінде объект салу
үшін жер учаскесін беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша

"Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік қызмет
көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
1-кезең: келісуші органдардың және ұйымдардың оң қорытындыларымен
жер учаскесін таңдау актісін дайындау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні

"Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік қызмет
көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы 2-кезең: көрсетілетін қызметті
алушы түпкілікті таңдау актісін келіскенде және жер-кадастрлық жұмыстар
қызметтеріне ақы төлеген кезде – жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру
туралы шешімді шығару – 22 (жиырма екі) жұмыс күні

Шартты белгілері:

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының  
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 270 бұйрығына    
қосымша

«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, селолардың, селолық округтердің әкімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорациясы);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) Мемлекеттік корпорацияға және порталға құжаттар пакеті тапсырылған күннен бастап:
1-кезең: келісуші органдар мен ұйымдардың оң қорытындыларымен жер учаскесін таңдау актісін дайындау - 28 жұмыс күні;
2-кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келісуі және жер-кадастрлық жұмысы қызметіне ақы төлеуі кезінде - жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару - 22 жұмыс күні;
толық құжаттар пакеті ұсынылмаған кезде өтінішті қараудан бас тарту - 2 жұмыс күні;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту - 14 жұмыс күні.
2) құжаттар пакетін тапсыру үшін ең ұзақ жол берілетін кезек күту уақыты - 15 (он бес) минут;
3) ең ұзақ жол берілетін қызмет көрсету уақыты - 15 (он бес) минут.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жер-кадастр жоспарын (1-қосымша) және уақытша (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) өтеулi (өтеусіз) жер пайдалану шартын қоса бере отырып жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы уақытша (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) өтеулi (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды және оны жер қатынастары бойынша өкілетті органында тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан әрі тіркеу үшін жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органға жібереді.
Жер учаскесін жеке тұрғын үй салу үшін сұраған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының өтініші (қолдаухаты) арнайы есепке алынады және бөлуге арналған алаңдар дайын болғанда не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақ болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып қанағаттандырылады.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жер учаскесін таңдау актісі келісілген жағдайда жеке және заңды тұлғаларға ақылы көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнына 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 152-бабына сәйкес осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мөлшерде есептелетін жер учаскесіне жер-кадастр жоспарын дайындау құны кіреді.
Жер учаскесіне жер-кадастр жоспарын дайындау үшін ақы төлеу қолма-қол ақшамен немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы Мемлекеттік корпорацияның тиісті филиалының есеп айырысу шотына, не осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақы төлеу мөлшері мен күнін растайтын төлем құжатын (түбіртек) беретін Мемлекеттік корпорация филиалының ғимаратындағы кассаларда қолма-қол ақшасыз аудару нысанында жүзеге асырылады.
Веб-портал арқылы мемлекеттік қызметті алуға электронды сұраным берген кезде төлем жасау «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңге жер учаскесіне жер-кадастр жоспарын әзірлеу ақысыз негізде жүзеге асырылады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Жұмыс кестесі:
1) Мемлекеттік корпорацияда - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібінде көрсетіледі, жер учаскесінің орналасқан жері бойынша портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (өтініш беруші жұмыс күні аяқталған кезде, демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не: заңды тұлғаның өкілеттілігін растайтын құжат бойынша, жеке тұлғаның нотариалды расталған сенімхат бойынша уәкілетті өкілі):
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1-кезең:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жер учаскесін орналастыру схемасы;
3) жеке басты куәландыратын құжат (тұлғаның жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
түпкілікті таңдау актісін келісуді және жер-кадастрлық жұмыс қызметі үшін ақы төлеуді өтініш беруші үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Өтініш беруші келіспеген жер таңдау актісін қолдану мерзімі он жұмыс күнін құрайды. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін, көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, Мемлекеттік корпорация келісілмеген жер таңдау актісін жою үшін тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне қайтарады;
2-кезең:
1) келісілген түпкілікті жер таңдау актісі;
2) жер-кадастрлық жұмыс қызметі үшін төлем құжаты.
Өтініш беруші хабарлама алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде екі данада уақытша жер пайдалану шартына қол қояды. Өтініш берушінің қолы қойылмаған уақытша жер пайдалану шартын қолдану мерзімі жеті жұмыс күнін құрайды. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін, Мемлекеттік корпорация жер учаскесін ұсыну туралы шешімін қызметті алушыны хабардар ете отырып, күшін жою үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне қайтарады.
Мемлекеттік қызмет көрсетілген кезде көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Порталға:
1-кезең:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) жер учаскесін орналастыру схемасының электрондық көшірмесі;
түпкілікті жер таңдау актісін келісуді және жер-кадастрлық жұмысқа ақы төлеуді өтініш беруші үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Өтініш беруші келіспеген жер таңдау актісін қолдану мерзімі он жұмыс күнін құрайды. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін, Мемлекеттік корпорация келісілмеген жер таңдау актісін көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, жою үшін тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне қайтарады;
2-кезең:
1) электрондық құжат нысанындағы түпкілікті келісілген жер таңдау актісі;
2) жер-кадастрлық жұмыс қызметі үшін төлем құжаты.
Өтініш беруші хабарламаны алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде уақытша жер пайдалану шартына қол қояды. Өтініш берушінің қолы қойылмаған уақытша жер пайдалану шартының қолдану мерзімі жеті жұмыс күнін құрайды.
Өтініш беруші қол қойған уақытша жер пайдалану шарты тіркеу және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне жолданады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электронды үкімет» шлюзі арқылы алады.
Құжаттар Мемлекеттік корпорация арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорация арқылы дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжат ұсынылған кезде (не: уәкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлғаның өкілетті өкілі) қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Түпкілікті жер таңдау актісін келісу мерзімі өткен жағдайда Мемлекеттік корпорация нәтижені үш жұмыс күні ішінде сақтауды қамтамасыз етеді. Үш жұмыс күні өткен соң Мемлекеттік корпорация қызмет берушіге құжаттарды жою үшін жібереді және көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметтің тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.
Көрсетілген мерзімде уақытша өтеулі (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) жер пайдалану шартын жасасу мерзімі өткен жағдайда, Мемлекеттік корпорация қол қойылмаған уақытша жер пайдалану шартының қызметті алушыны хабардар ете отырып, күшін жою үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне қайтарады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрату қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты (егер қағаз тасығышта берілске, алынған жерді көрсету қажет) көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.
Порталда электрондық сұрату көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға:
1) егер көрсетілетін қызметті алушы жер учаскелері мәжбүрлеп алынған тұлғалар тізбесінде тұрған жағдайда;
2) сұралып отырған жер учаскесі бос болмаса;
3) егер сұралып отырған жер учаскесі саудада (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылуға арналған болса;
4) сұралып отырған жер учаскесі резервке қалдырылған болса;
5) елді мекеннің бас жоспары жоқ болса немесе бас жоспарға сәйкес келмесе, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы болмаса;
6) санитарлық-қорғаныш аймағы болса;
7) сұралып отырған объектінің орналасуы құрылыс және санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес келмеуі негіз болады.
11. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар пакетін ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация жұмыскері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

12. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі лауазымды тұлғасының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
1) шағым Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші, Министрлік басшысының атына беріледі;
шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады;
шағымның қабылдағанын растау шағымды көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады;
2) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі;
қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы түскен шағымды Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады;
3) портал арқылы жүгінген кезде шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жөнелткен кезде, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен», көрсетілетін қызметті алушы өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның - оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы;
2) заңды тұлғаның - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
13. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

14. Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар, денсаулығы нашар көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы өтініш беру жолымен Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жерге барып жүргізеді.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттарындағы стенділерде;
3) Мемлекеттік корпорацияның www.g2c.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
16. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
17. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
18. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-21-98. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы 1414.

«Елді мекен шегінде объект салу
үшін жер учаскесін беру»  
мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына   
1-қосымша

нысан

Жер учакесінің жер-кадастр жоспары

Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі ___________________________________
Мекенжайы (мекенжайының тіркеу коды) ________________________________
_____________________________________________________________________
Жердің санаты _______________________________________________________
Жер учаскесінің алаңы (гектар, шаршы метр) __________________________
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты ____________________________________
_____________________________________________________________________
Құқық түрі __________________________________________________________
Жер учаскесін пайдалануға шектеу мен ауыртпалықтар __________________
_____________________________________________________________________
Жер учаскесінің бөлінгіштігі ________________________________________
(бөлінеді, бөлінбейді)
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны немесе жер пайдалану
құқығының құны (қажет болса заңнамада көзделген жағдайларда) ________
Жоспар шекарасындағы бөгде жер учаскелері

Жоспардағы

Жоспар шекарасындағы бөгде
жер учаскелерінің
кадастрлық нөмірлері

Алаңы
(гектар, шаршы метр)

Ескертпе:
Жергілікті атқарушы органының жер-кадастр жоспары жер учаскесіне құқық беру туралы қаулысының ажырамас бөлігі болып табылады. Жер учаскесінің шекарасы жоспарының масштабында шекара нүктелерін, көрсету мүмкін болмаған кезде, олардың орналасқан жерлерін үлкен форматтағы, бірақ А-0 форматтан аспайтын парақта, жоспарға қосымша ретінде көрсетуге болады.
*Шектестіктер сипаттамасы осы жоспарды дайындау сәтінде жарамды.

Жер учаскесінің жоспары

1 Масштаб:
Шектес учаскелерді көрсету (кадастрлық нөмірлер)*:
А-дан Б-ға дейін
Б-дан В-ға дейін
В-дан Г-ге дейін
Г-ден А-ға дейін
Жер-кадастры жоспары _______________________________________________
(жер кадастрын жүргізуші ұйымның атауы)
_____________________________________________________________әзірледі
М.О. ____________ _____________________ 20___ жылғы « » _____________
(қолы)          (Т.А.Ә. (ол болған кезде)
_____________________________________________________________ басшысы
(жер қатынастары жөнінде уәкілетті органның атауы)

М.О. ______________ ___________________ 20 жылғы « » ________________
(қолы)           (Т.А.Ә. (ол болған кезде)

«Елді мекен шегінде объект салу
үшін жер учаскесін беру» 
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына    
2-қосымша

Жер учаскесінің жер-кадастр жоспарын дайындау жұмыстарының құны

Р/с №

Жер учаскесінің
жер-кадастр жоспарын
дайындау бойынша
жұмыстардың түрлері

Жер
учаскесінің
алаңы

Жұмыстардың құны (ҚСҚ)

учаскенің
базалық ауданынан,
теңге

жұмыстардың құнын
арттыру коэффициенті

1

2

3

4

5

Ұйымдар мен шағын
кәсіпкерлік
субъектілердің
ғимараттары мен
құрылыстарына
арналған жер
учаскесінің
жер-кадастр жоспарын
дайындау, оның
ішінде:
- жер учаскесінің жер-кадастр жоспарын әзірлеу
- жер-кадастр
жоспары үшін жер
учаскесінің
кадастрлық
(бағалау) құнын
айқындау

0,5 га дейін

1 га дейін

21062

12385

1,1 - 1 га дейін
1,2 – 10 га дейін
1,3 – 50 га дейін
әрбір келесі 50 га-ға 5%-ға артады
1,1 – 10 га дейін
1,2 – 50 га дейін
1,3 – 100 га дейін
сыртқа тарату – 100 га жоғары

жиыны

33447

2

Тұрғын үй құрылысы
мен оған қызмет
көрсету, жеке қосалқы
шаруашылығын,
бағбандық және
саяжай, гараждар
құрылысын үшін, жер
учаскесінің
жер-кадастр жоспарын
дайындау оның ішінде:
- жер учаскесінің жер-кадастр жоспарын дайындау
жер-кадастр жоспары
үшін жер учаскесінің
кадастрлық (бағалау)
құнын есептеу

0,5 га дейін

тегін беру нормасы шегінде

14180

4607

-

1,3 - тегін беру нормасын арттырған кезде

Барлығы

18787

«Елді мекен шегінде объект салу
үшін жер учаскесін беру» 
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына    
3-қосымша

нысан

Түбіртек

Ақша жіберуші _______________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты
ЖСН (БСН)____________________________________________________________
Төлемді алушы _______________________________________________________
кәсіпорынның атауы, БСН
Делдал банк _________________________________________________________
екінші деңгейдегі банктің атауы

Р/с №

Төлемнің атауы

Сомасы

Жиыны

оның ішінде ҚҚС

Қол қою және мөрдің орны
_____________________________________________________________________
ақша жіберушінің қолы жауапты орындаушының қолы, күні
Ақша жіберуші _______________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты
ЖСН (БСН) ___________________________________________________________
Төлемді алушы _______________________________________________________
кәсіпорынның атауы, БСН
Делдал банк _________________________________________________________
екінші деңгейдегі банктің атауы

Р/с №

Төлемнің атауы

Сомасы

Жиыны

оның ішінде ҚҚС

Қол қою үшін және мөрдің орны
________________________________ ____________________________________
ақша жіберушінің қолы          жауапты орындаушының қолы, күні

«Елді мекен шегінде объект салу
үшін жер учаскесін беру» 
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына    
4-қосымша

нысан

_________________________________________
(облыс, аудан, қала, кент,
_________________________________________
ауылдық (селолық) округтің, ауылдың, селоның)___________________________әкіміне
_________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды
_________________________________________
тұлғаның толық атауы)
ЖСН (БСН)________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаны куәландыратын
_________________________________________
құжаттың деректемелері
_________________________________________
байланыс телефоны, мекенжайы)

Елді мекен шегінде объект салу
үшін жер учаскесін беруге өтініш

_____________________________________________________________________
(құрылыстың болжамды алаңы,
_____________________________________________________________________
жоспарланған құрылыс объектісінің атауы, қабаттылығы)
___________________________________________________________ салу үшін
__________________________________________________________ орналасқан
(жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері)
алаңы _____________________гектар (шаршы метр) жер учаскесін уақытша
өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану құқығында беруді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

Күні __________            Көрсетілетін қызметті
алушы ______________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның
__________________________________________
немесе уәкілетті тұлғаның
__________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

Елді мекен шегінде объект салу үшін
жер учаскесін беру өтінішіне қосымша

Сұралып отырған жер учаскесінің орналасқан орнының
ахуалдық схемасы

Көрсетілетін қызметті алушы
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, немесе заңды тұлғаның толық
атауы, қолы)

Күні _______________

«Елді мекен шегінде объект салу
үшін жер учаскесін беру»  
мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына   
5-қосымша

нысан

_________________________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған кезде) немесе көрсетілетін
_________________________________________
қызметті алушы ұйымның атауы көрсетілетін
_________________________________________
қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты, атап айтқанда, жоқ құжаттардың атауы:
жоқ құжаттардың атауы:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________.
«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
_______________________________________________________________
(Мемлекеттік корпорацияның жұмыскерінің Т.А.Ә. (ол болған кезде), қолы)

Орындаушы ____________________________________________________
Т.А.Ә. (ол болған кезде)
Телефон_______________________________________________________
Алдым: ________________________________ ______________________
көрсетілетін қызметті алушының қолы Т.А.Ә. (ол болған кезде)
20__ ж. «___» _________