ЖҰМЫС ТӘРТІБІ

«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» рұқсат құжаттарының беру жүзеге асыру тәртібі, қағаз тасымалдағышта мекенжайдың тіркеу кодын көрсетіп жылжымайтын мүлік объектісіне нөмірін өзгерту, оны беру, жою, анықтау жөнінде анықтама беру, немесе қағаз тасымалдағыштағы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

 

Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы. - жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау үшін:

 

1)                Еркін нысанды өтініш;

2)                Тіркеу туралы куәлік көшірмесі, салық төлеушінің тіркеу номері (заңды тұлғалар үшін) норма 2013 жылдың 01 қаңтарына дейін қолданыста;

3)                жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжаттар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелген; меншік иесі сенімхатының түп нұсқасы (өтінішті өкілі берген жағдайда);

4)                тұтынушының жеке куәлігі (мемлекеттік қызметті уәкілетті алушы – жеке тұлға). Мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстары болып табылатын мәліметтерді, электрондық сандық қолы қойылған, электронды құжат түрінде тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйелері арқылы уәкілетті орган өз бетінше алады.

 

Жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжайды беру, оны өзгерту немесе жою үшін:

 

1)                Еркін нысанды өтініш;

2)                Қала әкімдігінің қаулысының немесе шешімінің көшірмесі (жобалау, құрылыс);

3)                Жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортының көшірмесі;

4)                Реттік номері және блок номері көрсетілген (көлікжайлар мен саяжайлар үшін), елді мекеннің сәулетшісімен келісілген, көлікжай кооперативі жер телімінің бас жоспары (бағбаншылық серіктестіктің).

5)                Кооператив мүшелері тізімі қосымшасымен кооператив мүшелігін растайтау туралы кооператив төрағасынан анықтама (көлікжайлар мен саяжайлар үшін), жылжымайтын мүлік орталығы мұрағатынан қорытынды (керек болған жағдайда);

6)                Жылжымайтын мүлік объектісінің бұзылу актісі (керек болған жағдайда);

7)                Үшінші тұлға тұтынушының мүддесін ұсынған жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;

8)                Тұтынушының жеке куәлігі (мемелекеттік қызметті уәкілетті алушы – жеке тұлға);

9)                жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжаттар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелген.

 

«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» рұқсат құжаттарының беру жүзеге асыру тәртібі, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға міндетті техникалық талаптар қосымшасымен (оны алудың керек болған жағдайда) ғимараттың сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру, не қағаз тасымалдағыштағы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

 

Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы келесілерді ұсыну қажет:

 

1)                Еркін нысанды өтініш, бар ғимараттар үйжайларын (бөлек бөліктерін) қайта жаңғыртуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) немесе жерге сәйкес құқық беру туралы жергілікті атқарушы органы шешімінің көшірмесі; жобалаушының қолы қойылған және мөрімен куәландырылған, тапсырыс берушімен бекітілген жобалауға тапсырма (сонымен қатар техникалық талаптар бойынша жүктеме).

 

2)                Егер бар объектілерді өзгерту сейсмикалық қауіпі жоғары аймақта (ауданда) көзделсе және жоспардағы қайта жаңғырту немесе қайта жоспарлау конструктивті шешімдерді қайта қарауды талап етсе, онда сәулет-жоспарлау тапсырмада берілген жоба бойынша сейсмикалық төзімді құрылыстар бойынша мамандандырылған ұйымдардың (сәйкес лицензиясы бар мамандар) қорытындысын (техникалық талаптарды) алу қажеттілігі көрсетіледі.