Халықпен жұмыс

“Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңын сақтау бойынша қолданылатын шаралар туралы есебі

Сыбайлас жемқорлық жайлы ақпарат



Объектілер құрылысына рұқсат беру тәртібі

(қандай күні және уақыты, қандай маман қабылдайтыны көрсетулген түбіртек беруге болады)


Бар ғимараттар үйжайларын (бөлек бөліктерін) қайта жаңғыртатын (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе салатын мақсаты бар, мүдделі жеке немесе заңды тұлғаның (өтініш беруші) жазбаша өтініші бойынша, сәулет және қала құрылыс аясында қызмет атқаратын, тиісті жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесімен тиісті шешім шешім қабылданады;


1)    Өтініш берушіге жерге тиісті құқық беру туралы;

2)    Бар ғимараттар үйжайларын (бөлек бөліктерін) қайта жаңғырту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы.


Бар ғимараттар үйжайларын (бөлек бөліктерін) қайта жаңғыртатын (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе салатын мақсаты бар тұлғаның жазбаша өтінішінде, тиісінше келесілер көрсетіледі:


1)    Жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты, өтініш берушінің мекенжайы және телефоны, Салық төлеуші тіркеу нөмірі (СТН) немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);

2)    Заңды тұлғалар үшін – ұйым атауы, оның мемлекеттік тіркеу нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы және телефоны, Салық төлеуші тіркеу нөмірі (СТН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН);

3)    Белгіленген құрылыс объектісінің мақсаты және негізгі параметрлері (есептік қуаты, жалпы ауданы, қабаттылығы, сыйымдылығы, өткізу мүмкіндігі және сол сияқтылар);

4)    Құрылыс телімін орналастыру болжаланған (қалаулы) орынның негіздемесі;

5)    қайта жаңғыртуға (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жататын ғимараттың мекенжайы (орналасқан жері), үйжайлар (бөлек бөліктері).


Бар ғимараттар үйжайларын (бөлек бөліктерін) қайта жаңғыртуға (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) рұқсат алу үшін өтінішті қарастырып жатқан мемлекеттік органмен, құжаттардың түпнұсқалылығын анықтауы үшін түп нұсқасын ұсынуымен өзгертілетін объектінің өтініш берушіге меншік құқығын куәландыратын, өтінішке қоса құжаттар көшірмелері беріледі, немесе белгіленген өзгертулер және оның параметрлеріне объектінің меншік иесінің (меншік иелерінің) нотариалды куәландырылған көшірмелері беріледі.


Өтініш беруші сұрап отырған жер телімінің нақты орны және аумағын (шекарасын) көрсеткен жағдайда, сәулет және қала құрылыс аясында қызмет атқаратын, тиісті жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі, одан құрылыс жүйесіндегі телімнің орналасқан жеріне қатысты және белгілеген (жоспарланған) құрылыс объектісінің негізгі параметрлері өтініш берушінің қалауына негізделген эскизді сұрайды.


СЖТ беру (сәулет-жоспарлау тапсырмасы)


  1. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы және инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға техникалық талаптарын сәулет және қала құрылыс аясында қызмет атқаратын, тиісті жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі береді.
  2. инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға техникалық талаптар егер оларды алу қажет болған жағдайда сәулет-жоспарлау тапсырмасына міндетті қосымша болып табылады.
  3. Сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық талаптарды алуға тапсырыс беруші сәулет және қала құрылыс аясында қызмет атқаратын, тиісті жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесіне өтініш береді.


Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:


1)    Бар ғимараттар үйжайларын (бөлек бөліктерін) қайта жаңғыртуға (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе жерге тиісті құқық беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімі;

2)    Жобалауға бекітілген тапсырма.



Сәулет және қала құрылыс аясында қызмет атқаратын, тиісті жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық талаптарды алуға өтініш алған күнінен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет жеткізушілерге құжаттарды қоса беріп техникалық талаптарды алуға сұрау салады.


Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет жеткізушілер сұрауды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сәулет және қала құрылыс аясында қызмет атқаратын, тиісті жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесіне параметрлері және қосылу орны көрсетілген талаптарды немесе техниклық талаптар беруден негізделген бас тарту жолдайды.



Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған тәртіпте техниклық талаптар беруден бас тарту өтініш беруші шағымдануына болады.


Объектілерді жобалау үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық талаптарды беру өтінішін қарастыру мерзімі өтініш бергеннен бастап сегіз жұмыс күнінен аспауы тиіс, осы ереженің 27 тармағында көрсетілген объектілерді қоспағанда.


Жер телім шекараларында тұрған (аумағында, трассаларда) көтеруші және қоршау құрылымдары, инженерлік жүйелер және жабдықтар өзгертулеріне байланысты емес бар ғимараттар үйжайларын (бөлек бөліктерін) қайта жаңғырту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобасын әзірлеу үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру немесе беруден дәлелді бас тарту өтінішін қарастыру мерзімдері өтініш берген кезден бастап үш жұмыс күнінен аспауы тиіс.


Сәулет-жоспарлау тапсырмасы және техникалық талаптар жобалау (жобалау-сметалық) құжатнамасы құрамында бекітілген, құрылыстың нормативтік ұзақтығы мерзімі ішінде жарамды.


Берілген сәулет-жоспарлау тапсырмасы белгілеген тәртіпте жобаны әзірлеуге рұқсат берілгенін білдіреді

СЫРТҚЫ (КӨРНЕКІ) ЖАРНАМА ОБЪЕКТІЛЕРІН ОРНАТУ ҮШІН РҰҚСАТНАМА

ӘЗІРЛЕУ ТӘРТІБІ.

1. ӨТІНІШ

Өтініште көрсетіледі:

  1. 1. Ұйымның атауы
  2. 2. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу ткралы мәлімет
  3. 3. Басшының тегі, аты, әкесінің аты
  4. 4. Пошта мекенжайы
  5. 5. Телефон, факс
  6. 6. Салық төлеуші нөмірі (СТН) немесе

бизнес-теңестіру нөміріТН).

2. Өтінішке қоса:

1.Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін объектіге құқығын беретін құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі, немесе сыртқы (көрнекі) жарнаманы объектке орнатуға объект басқа да құқылы тұлғалар немесе кондаминиум объектілерінің иесі және өтініш беруші жасасқан келісім шартты ұсыну.

  1. 2. Нобайы, сыртқы жарнаманың күндік және түнгі суретін қоса, сыртқы жарнама объектісін орнатуды ұсыну, сыртқы жарнама объектісін инженерлік қызмет көрсету бойынша шешімі.

  1. 3. Өкілетті жергілікті атқарушы органмен келісу парағы.

  1. Мемлекеттік органға жүгінген азаматтарды қабылдау және қарастыру ережесі
  2. Азаматты және ұйымдарды қабылдайтын ұйым  құзыретіне сай бөлімше басшысының немесе басқа қызметтік тұлғаның тегі, аты, әкісінің аты
  3. Ауызша түрде мемлекеттік орган қызметі құрылымдық бөлімшелердегі лауазымдық тұлғалардың атауы, тегі, аты және әкесінің аты туралы ұсыну
  4. Азаматтардың өтініштерін қарастыру және қабылдау мәселесі бойынша, мекенжай, қабылдау уақыты, сондай-ақ қабылдауға жазылу уақыт тәртібі бойынша ақпарат ұсынатын байланыс телефондары.

Мемлекеттік орган ұйымы және азаматтар өтінішін шолу, қабылданған шаралары туралы және өтініштерді қарастыру нәтижесі туралы талдап қорытылған ақпарат